Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 73 бұйрығына
5-қосымша
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
Редакция 10.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтырының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – тотализатор қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартқандығы туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды ұсына отырып көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсету қызметін ұсыну туралы өтініші немесе электрондық сауалы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушылардан тікелей портал немесе ХҚО арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған сұрауды тіркеуі және түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін жібеуі;
2) 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қарауы және спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаментінің директорына қарау үшін жіберуі;
3) 30 минут ішінде спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті директорының қарауы және спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті директорының орынбасарына қарау үшін жіберуі;
4) 30 минут ішінде спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті директоры орынбасарының қарауы және спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының басшысына қарау үшін жіберуі;
5) 30 минут ішінде ойын бизнесі және лицензиялау басқармасы басшысының өтінішті және оған қоса берілген құжаттардың біліктілік талаптарға сәйкестігіне қарауы және ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысына жіберуі;
6) ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысының ұсынылған құжаттардың дұрыстығына, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкестігіне тексеруі, ұсынылған құжаттар толық және (немесе) шынайы болмаған жағдайда бас тарту туралы уәжделген жауабын дайындауы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының бас тарту туралы уәжделген жауабына қол қоюы;
8) ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысының сұрау түскен сәттен екі жұмыс күн ішінде бас тарту себебін негіздеумен бас тарту туралы уәжделген жауабын көрсетілетін қызметті алушыға жіберуі;
9) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысы үш жұмыс күн ішінде лицензия беруі, не лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықты дайындауы;
10) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының лицензия беруі, не лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрығына қол қоюы және тіркеуі;
11) бір жұмыс күн ішінде порталда «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ) лицензияны қалыптастыруды жүзеге асыру;
12) бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да лицензияға қол қоюы және оны көрсетілетін қызметті алушыға жіберуі.
Лицензияның тұлнұсқасына жүгінген жағдайда өтініш берілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысы жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
Өтініш дұрыс рәсімделген және жинақталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезден есептеледі:
лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген сауал;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қарау нәтижелері бойынша шешімі;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат немесе электрондық түрде өтініш берген жағдайда электрондық құжат нысанында не өтінішті қағазда берген жағдайда, қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері және қызметкерлері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаментінің директоры;
4) спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті директорының орынбасары;
5) ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының басшысы;
6) ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты қызметкері.
8. Әрбір іс-қимылды орындау мерзімі көрсетілген іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. ХҚО-ға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген жері бойынша ХҚО-ға өтініш береді;
ХҚО-да қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.