• Мое избранное
Табиғат қорғау заңдарын сақтау жөніндегі бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру тәртібі мен жұмсау бағыттары жөніндегі ережені бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 08.04.1997 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Табиғат қорғау заңдарын сақтау жөнiндегi бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру тәртiбi мен жұмсау бағыттары жөнiндегi ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 5 қазан N 1112. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.04.08. N 505 қаулысымен.

"1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Табиғат қорғау қорының республикалық бюджет құрамына енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi:
1. Табиғат қорғау заңдарын сақтау жөнiндегi 
бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру 
тәртiбi мен жұмсау бағыттары туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса
берiлiп отыр).
     
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Айналадағы
табиғи ортаны қорғау саласындағы инспекциялық қызмет нәтижелерiнен
алынған қаражаты түзудiң және пайдаланудың тәртiбi туралы Ереженi
бекiту туралы" 1993 жылғы 19 қазандағы N 1029 қаулысының (Қазақстан
Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 484-бап) күшi жойылған деп
саналсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 5 қазандағы
                                           N 1112 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
            Табиғат қорғау заңдарын сақтау жөнiндегi
         бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны
        қалыптастыру тәртiбi және жұмсау бағыттары туралы
                             Ереже
     Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы бақылау-инспекциясы
қызметi жұмысының нәтижесiнде алынатын қаржы:
     мемлекетке табиғат қорғау заңдарының  бұзылуынан келтiрiлген
зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша өндiрiлiп алынатын
сомалар;
табиғат қорғау заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен жекелеген азаматтардан әкiмшiлiк және сот тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын айыппұлдар; 
тәргiленген аңшылық және балық аулау құралдарын сатудан, сондай-ақ олардың көмегiмен заңсыз өндiрiлген өнiмдi сатудан түскен қаржылар есебiнен қалыптастырылады. 
Аталған қаржылар белгiленген тәртiп бойынша тиiстi бюджет кiрiсiнiң "Табиғатты қорғау қорының түсiмдерiнiң" 32-тарауына келiп түседi. 
Жануарлар дүниесiн, балық қорын қорғау және балық шаруашылығының су тоғандарында табиғатты пайдалануға бақылау жасау, мемлекеттiк орман қорғау жөнiндегi бас басқармалардың бақылау-инспекциялық қызметтерi мен басқа да табиғат қорғау органдарының экологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мен болдырмаудағы, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтудағы мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру, қызметiн материалдық тұрғыдан ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң мемлекеттiк бақылау органдарына: 
1. Табиғат қорғау заңының бұзылуын тiкелей тапқан табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық инспекторлар, iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, кеден қызметiнiң қызметкерлерi мен басқа да адамдар облыстық, Алматы және Ленинск қалалық бюджеттерiнiң "Табиғатты қорғау қорының түсiмдерiнiң" 32-тарауына iс жүзiнде келiп түскен және айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы инспекциялық қызмет нәтижесiнде алынған қаражаттарды төмендегiдей көлемде: 
- мемлекетке табиғат қорғау заңдарының бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша өндiрiлiп алынатын қаржының 37 процентiн; 
- табиғат қорғау заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен жекелеген азаматтардан әкiмшiлiк және сот тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын айыппұлдардың 18 процентiн; 
- тәргiленген аңшылық және балық аулау құралдарын сатудан, сондай-ақ олардың көмегiмен заңсыз өндiрiлген өнiмдi сатудан алынған қаржының 18 процентiн бөле отырып ынталандырсын. 
Аталған адамдарға сыйлықтар беру Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша әзiрлеп, бекiткен сыйлықтар беру туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 
2. Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырушы экологиялық органдардың бақылау-инспекциялық қызметтерi үшiн аталған мақсаттарға облыстық, Алматы және қалалық бюджеттерiнiң "Табиғатты қорғау қорының түсiмдерiнiң" 32-тарауына iс жүзiнде келiп түскен және айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы инспекциялық қызмет нәтижесiнде алынған қаржыдан мынадай мөлшерде: 
мемлекетке табиғат қорғау заңдарының бұзылуына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша өндiрiлiп алынатын қаржының 43 процентiн; 
табиғат қорғау заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен жекелеген азаматтардан әкiмшiлiк және сот тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын айыппұлдардың 22 процентiн; 
тәргiленген аңшылық және балық аулау құралдарын сатудан, сондай-ақ олардың көмегiмен заңсыз өндiрiлген өнiмдi сатудан түскен қаржының 22 процентiн бөле отырып, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi бекiткен лимиттер шегiнде арнаулы жабдықтар, арнаулы автокөлiктер сатып алынып, ұсталатын болсын. 
Жоғарыда аталған мақсаттарға арналған қаржыны пайдалану облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерiмен бекiтiлген кiрiстер мен шығыстар сметаларына сәйкес табиғат қорғау қорлары қаржыларын жұмсаудың белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.