• Мое избранное
«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 21 тамыздағы № 8908 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2014 жылғы 4 тамыздағы
шығыс № 04-02/3620-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Қағиданың 6-тармағына сәйкес авариялық-құтқару қызметтерін (бұдан әрі - АҚҚ), құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау үшін сұрау салынатын құжаттар тізіміне қызмет көрсетілетін объектінің жоспары және әлеуетті қауіпті объектілердің, аумақтардың және оларға болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттары енгізілген.
  Жоғарыда көрсетілген құжаттарды мерзімді және кезектен тыс аттестаттау кезінде ұсыну қажет, ал бастапқы және қайта аттестаттауда орынсыз деп санаймыз, өйткені жаңадан құрылып жатқан АҚҚ және құралымдардың біліктілік және сәйкестіктің талаптары тағайындалмай, объектілерге қызмет көрсету құқығы жоқ.
  Осыған орай, аттестаттаудың түрін (бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестация) ескере отырып, ұсынылатын құжаттардың тізбесін саралау қажет.  
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Казахстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
 Басқарма мүшесі Г. Курбанбаева