• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкімктінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 21 тамыздағы № 8916 сараптамалық қорытындысы

САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкімктінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Стандарттың 9-тармағына сәйкес  мемлекеттік қызмет көрсетуді үшін сұрау салынатын құжаттар тізіміне қызмет көрсетілетін объектінің жоспары және әлеуетті қауіпті объектілердің, аумақтардың және оларға болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттары енгізілген.
  Жоғарыда көрсетілген құжаттарды мерзімді және кезектен тыс аттестаттау кезінде ұсыну қажет, ал бастапқы және қайта аттестаттауда орынсыз деп санаймыз, өйткені жаңадан құрылып жатқан АҚҚ және құралымдардың біліктілік және сәйкестіктің талаптары тағайындалмай, объектілерге қызмет көрсету құқығы жоқ.
  Осыған орай, аттестаттаудың түрін (бастапқы, қайталама, мерзімді және кезектен тыс аттестация) ескере отырып, ұсынылатын құжаттардың тізбесін саралау қажет.  
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Казахстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.