• Мое избранное
«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» және «Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бұйрықтарының жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» және «Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бұйрықтарының жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 8995 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 08-10-15/1522 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» және «Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрықтарының жобаларын қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанына (бұдан әрі – тексеру парағы) қатысты:
  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 231-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес газ тасымалдаушы және (немесе) газ таратушы ұйымдар уәкілетті органға бөлек есеп бойынша мәліметтерді ұсынады. Уәкілетті органға мәліметтер электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады (32-тармақ). Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады. Кезеңділігі – жартыжылдық. Осыған байланысты тексеру парағының 14-тармағын алып тастауды ұсынамыз;
 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 11) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларының (бұдан әрі – Бекіту қағидалары) 39-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - ТМС) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.  
  Сонымен қатар, Заңның 7-бабы 7-2) тармақшасына сәйкес ТМС тарифтік сметаны орындауға міндетті. Бұл ретте, Бекіту қағидаларының 42-тармағында уәкiлеттi орган табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнама бұзушылығын бекiтiлген тарифтiк сметаны орындамау, сол сияқты тарифтiк сметаны орындау туралы жобаны және (немесе) есептi ұсынбау бөлiгiнде анықтап, тиісті ден қою шараларын қолдануға құқылы деп көзделген.
  Баяндалғанға байланысты тексеру парағының 15-тармағын алып тастауды ұсынамыз.  
  Заңның 7-бабы 13) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында тексеру парағының 18-тармағында «тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендету туралы» деген сөздерден кейін «оларды қолданысқа енгізгенге дейін он күннен кешіктірмей» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз;
  Бекіту қағидаларының 8-тармағы 24) тармақшасына, 9-тармағы 8) тармақшасына, 10-тармағы 2) тармақшасына сәйкес тарифтік сметаның жобасы тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін шығындарды реттеуді; табиғи монополия субъектісінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптары шегіндегі шығыстарының шамаларын шектеуді; тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін қалыптастыру кезінде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді көздейтін Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес қалыптастырылады. Бұдан басқа, Бекіту қағидаларының 18-тармағына сәйкес уәкілетті орган тарифтердің жобаларына табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау негізінде сараптама жүргізеді, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін жұмылдырады. Сөйтіп, бұл талап тариф жобасы қаралған, сондай-ақ ТМС тарифтік сметаны орындау туралы есеп берген кезде тексеріледі.
  Осыған байланысты тексеру парағының 19-тармағын алып тастауды ұсынамыз;
   - Заңның 15-2-бабы 2-тармағына сәйкес келтіру мақсатында тексеру парағының 22-тармағында «көрсеткіштері туралы ақпаратты» деген сөздерден кейін «уәкілетті органға» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз;
   - Бекіту қағидаларының 26-тармағына сәйкес ТМС уәкілетті органға бес жұмыс күн ішінде тұтынушыларды хабардар ету фактісі туралы ақпарат ұсынады.  Осыған орай, тексеру парағының 24-тармағын алып тастауды ұсынамыз;
   - Заңның 7-бабының 18-тармақшасына сәйкес ТМС белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындауға міндетті. Бұдан басқа, Заңның 7-бабының 7-5) тармақшасына сәйкес инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен  нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беруге және осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға міндетті. Осыған байланысты тексеру парағының 28-тармағын алып тастауды ұсынамыз;
   - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1246 қаулысымен бекітілген Тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi табиғи монополия субъектiсiнiң қызметi туралы жыл сайынғы есептi өткiзу қағидаларының (бұдан әрі – Жыл сайынғы есеп жөніндегі қағидалар) 7-тармағына сәйкес ТМС жыл сайынғы есептi өткiзгенге дейiн бiр ай бұрын уәкiлеттi органды хабардар етедi. Жыл сайынғы есеп жөніндегі қағидалардың 18-тармағына сәйкес тыңдауды өткiзу процесiнде хаттама жасалады.  Хаттама Жыл сайынғы есеп жөніндегі қағидалардың  6-тармағында  көрсетiлген ақпаратты, сондай-ақ тыңдаудың басталатын және аяқталатын уақыты, сөз сөйлегендердiң аты-жөндерi туралы мәлiметтi және сөйлеген сөздерiнiң қысқаша мазмұнын қамтуға тиiс. Барлық хаттамалар нөмiрленедi және жеке папкаға тiгiледi. Одан кейін, Жыл сайынғы есеп жөніндегі қағидалардың 19-тармағына сәйкес тыңдау хаттамасының көшiрмесi тыңдау өткiзілгеннен кейiн үш жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.  
   Осыған байланысты тексеру парағының 33-тармағын алып тастауды ұсынамыз.
  Баяндалғанды ескере отырып, ҚР ҰКП ұсыныстарын қарауды сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелденген жауап жіберуді сұраймыз.  
Басқарма мүшесі-Ж. Ертлесова