• Мое избранное
«2012 жылғы 30 қантардағы № 171 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«2012 жылғы 30 қантардағы № 171 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
2012 жылғы 30 қантардағы № 171 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тікелей су нысандарында орналасқан су шаруашылығы имараттарын пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 171 қаулыға (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 жылғы № 30 400 – бап) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тікелей су нысандарында орналасқан су шаруашылығы имараттарын пайдалану ережелеріне көрсетілген қаулымен бекітілген:
3 тармақта:
5) тармақшада келесі редакцияда жазылсын:
«5) ағымдағы күрделі жөндеу және су шаруашылық құрылысты құру»;
38 тармақта келесі редакцияда жазылсын:
«38. Күрделі жөндеу жұмыстары және су шаруашылығы имараттарын қайта жаңарту техникалық байқау немесе/және имараттарды тексеру қорытындыларын ескере отырып әзірленген құрылыс жобасы бойынша осы жұмыстар түрін орындауға тиісті рұқсаты бар мамандырылған мекемемен немесе мүлік иесімен орындалады»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
30 қантардағы № 171 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі

2.

Жобаны қабылдаудың қажеттілігіне негіздеме

Су шаруашылығы жүйелерінің құрылымын оңтайландыру

3.

Жоба қабылданған жағдайда мүмкін болатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды

4 .

Жобаны жүзеге асыруға байланысты мүмкін болатын қаржылай шығындар

Жобаны қабылдау қаржылық шығындарға әкеліп соқпайды.

5 .

Жобаны қабылдаған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және енгізілген ұсыныстардың болжамды тиімділігі

Осы Қағида су тартуды, су беруді, су су бөлуді, меншік түріне қарамастан су шаруашылығы құрылыстарының дұрыс және жұмыс жағдайында ұстауды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді реттейді.

6 .

Жобада қарастырылып отырған мәселе бойынша Президенттің және /немесе Үкіметтің бұрын қабылдаған актілері туралы мәліметтер және олардың жүзеге асырылуының нәтижелері

Жоқ.

7 .

Болашақта қабылданатын заңнамаларды осы жобаға сәйкестендірудің қажеттілігі

Қажет етілмейді.

8 .

Примьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда жасалған қосымша сараптамалардың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқада) нәтижелері.

Жоқ.

9 .

Басқа да деректер

Жоқ.

10.

Қаулының жобасын және оған қоса берілген материалдарды (үзінділерді) Интернет арқылы және мобильді құрылғыларда Үкімет мүшелеріне «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы беру

Рұқсат етіледі

11

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің сайтында

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі А. Мамытбеков