• Мое избранное
«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы №1194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы №1194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 тамыздағы № 9013 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 05-11-18/1481 хатқа
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы №1194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қайта қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Қаулы жобасының Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарты (бұдан әрі - Шарт) бойынша келесі ескертулер мен ұсыныстар бар.
  1-тармаққа мынадай өзгерістер енгізілсін:
  Нормативтік құқықтық актілерде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі №712 қаулысымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 1-бөлімі 2-тармағының 3-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №869 қаулысымен бекітілген Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларының 1-бөлімі 2-тармағының 13-тармақшасы) пайдаланылатын ұғымдарды біркелкілікке келтіру мақсатында «жылу желісінің баланстық тиесілігінің шекарасы» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын: «жылу желісінің баланстық тиесілігінің шекарасы – баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы жылу желісінің бөлініс нүктесі (сызығы)».
  Есеп айырысулар қызметтер көрсетілгеннен кейін толық төлем шарттарында да, нақты тұтыну бойынша толық есеп айырысумен алдын-ала төлеу шарттарында да жасалуы мүмкін, осыған орай «жылу энергиясы үшін есеп айырысу» анықтамасындағы «есептік кезең өткеннен кейін» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
  «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңында келтірілген «энергиямен жабдықтаушы ұйым» ұғымына сәйкес «өнім беруші» анықтамасындағы «өндірілген және (немесе)» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
  «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 1-бабы 25) тармақшасына сәйкес «тұтынушы» анықтамасындағы «жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметті пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші;» деген сөздерді «жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын;» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.
  Энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы арасында үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға шарт жасасу қажеттілігі туралы норманың енжарлығына байланысты 9-тармақты мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «9. Тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғылары тұтынылған жылу энергиясына есеп айырысулар үшін қажетті есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Тұтынушы есепке алу аспаптарын өз бетінше сатып алуға және орнатуға құқылы. Жеткізуші үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алған және орнатқан жағдайда, Тұтынушы үйге ортақ есепке алу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлейді. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу жеткізгішінің жылу энергиясын есепке алу тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес болуы тиіс».
  Есепке алу аспаптарының көрсеткіштері екі есептік кезеңнен астам болмаған кезде есеп айырысу тәртібі туралы мәселені реттеу және тұтынушыларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін уақтылы беруге ынталандыру мақсатында 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша есеп айырысу кезеңі екі есептік кезеңнен аспауы тиіс. Келесі есеп айырысулар тұтынушының қосылуына арналған техникалық шарттарға сәйкес белгіленген қуат бойынша, ал көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын тұтынушылар үшін тұтынудың екі еселенген нормасына қарай жүргізіледі».
  Есепке алу аспаптары шекарада орналаспауы мүмкін, бірақ оған иесі қызмет көрсетуі тиіс. Осыған орай, 15-тармақтың 2-абзацында «және баланстық тиесілік шекарасы бойынша анықталады» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
  «Тұтынушы» анықтамасына сәйкес (Шарттың 1-тармағын қараңыз) 17-тармақтың 8-тармақшасында «жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтер» деген сөздер «тұтынылған жылу энергиясына» деген сөздермен ауыстырылсын.
  20-тармақтың 7-тармақшасында «жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтер құны» деген сөздер «тұтынушы » деген ұғымға берілген ескертулердің негіздемесіне сәйкес (Шарттың 1-тармақты қараңыз) «тұтынылған жылу энергиясына төлем бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
  ҚР Азаматтық кодексінің 488-бабы 2-тармағына сәйкес, 24-тармақты мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «24. Жылу энергиясы үшін есеп айырысу тәртібі заңдармен немесе тараптардың келісімімен белгіленеді. Төлемді Тұтынушы есеп айырысу айынан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей (немесе Тұтынушы мен Жеткізушінің келісімі бойынша шартта белгіленген мерзімде) жүргізеді».
  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 38-43 тармақтарда баяндалған маселелерді оңтайлы реттеу мақсатында оларды мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
  «38. Шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап, бір жылға жасалған болып есептеледі.
  Мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бірінің өтініші болмаған жағдайда, ол дәл сол мерзімге және оны жасасу кезінде шартта көзделген дәл сол талаптармен ұзартылған болып есептеледі.
  39. Жеткізушілер мен Тұтынушылар арасында жасалатын шарттардың талаптары, тиісті талаптың мазмұны заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, және осы Үлгі шартқа қайшы келмеуге тиіс.
  40. Шарт қарапайым жазбаша түрде жасалады.
  Көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын, жылу энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азаматтармен Шарт ауызша түрде жасалуы мүмкін, мұндай шарт тұтынушының жылу тұтынатын қондырғылары белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың желілеріне бірінші нақты қосылған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
  Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында тіркеледі және тіркелген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
  41. Осы шарт талаптарының орындалуымен байланысты жеткізуші мен тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
  42. Тараптардың Шарттан туындайтын және Шартпен реттелмеген қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  43. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар екі данада, әр тарапқа бір данадан жасалады».
 Бұдан басқа бірқатар редакциялық сипаттағы түзетулер бар:
 - Шарттың атауымен сәйкес келтіру ретінде 2-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша «беру режимі» деген сөздерді «жабдықтау (сату) режимі» деген сөздермен ауыстыруды;
 - 7-тармақтың 2-тармақшасында және бұдан әрі мәтін бойынша «Мемлекеттік энергетикалық бақылау» деген сөздерді «Мемлекеттік энергетикалық қадағалау» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.  
   Баяндалғанды ескере отырып, ҚР ҰКП ұсыныстарын қарауды сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жауап жіберуді сұраймыз.  
  Басқарма мүшесі Ж. Ертлесова