• Мое избранное
«Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы» жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысандары бекітілсін.
Осы қаулы 2014 жылдың 21 қарашада қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт
  ______________                            20__ ж. «__» ___________
  (елді мекен)
  ________________________ облысы әкімдігінің балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20___ «____»
________ № ____ шешіміне (қаулысына) сәйкес Ереженің негізінде әрекет
ететін, бұдан әрі «Инспекция» деп аталатын, _________________________
______________________________________________________________ атынан
(балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) басшы
__________________________________________________ бір тараптан
және ________________________________________________________________ 
негізінде әрекет ететін бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын
  ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты-жөні, мекенжайы)
атынан ______________________________________________________________
       (пайдаланушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты лауазымы)
  ____________________________________________________________________
екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
  1. Инспекция балық шаруашылығы су айдынының (учаскесінің) төлқұжатында ауданы, көлемі және басқа көрсеткіштері көрсетілген, ________________________ облысы____________________________________
ауданында орналасқан Пайдаланушыға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.
2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі және/немесе олардың нөмірлері ___________________________________
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Пайдаланушы:
1) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізуге;
2) көл-тауарлы, тоғандық шаруашылықтар құру үшін бекітіліп берілген су айдындарында заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпшілік және спорттық-әуесқойлық балық аулау тәртібін, мерзімін және тәсілін белгілеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жолдамалар беруге;
4) берілген рұқсатқа сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану түрлерін жүзеге асыруға;
5) ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
6) балық ресурстары мен басқа су жануарларын (бұдан әрі -  балық ресурстары) пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасуға құқылы.
4. Пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді уақытылы енгізуге;
3) жануарлардың тіршілік ету ортасының нашарлауына жол бермеуге;
4) балық ресурстарын халық және қоршаған орта үшін қауіпсіз, табиғи қоғамдастықтардың тұтастығын бұзуға және жануарларға қатал қарауға жол бермейтін тәсілдермен пайдалануға;
5) сервитутты:
бақылаулық аулауды жүргізу үшін - уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу аулауды жүргізу үшін - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін - жеке тұлғаларға береді;
6) уәкілетті органның келісімімен биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық және басқа да су жануарларының қорын бағалауын жүргізуге;
7) аншлагтар және белгілермен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекарасын белгілеуге;
8) әр балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктерде, бригада немесе буындарда балық және басқа да жануарларын аулауды есепке aлу журналын жүргізіп, уәкілетті органның лауазымдық тұлғаларының талабы бойынша оны ұсынуға;
9) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану үшін жасасқан барлық шарттарды уәкілетті орган бекіткен тәртібімен және мерзімдерінде уәкілетті органда тіркеу, оларды бұзу туралы аппарат беруге;
10) уәкілетті органмен белгіленген нысандарға сәйкес балық және басқа су жануарларының аулануы, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметті уәкілетті органмен белгіленген мерзімде және тәртіппен оған ұсынуға;
11) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын қорғауын қамтамасыз етуге;
12) «Инспекция» өкілінің қатысуымен ғылыми ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес балық ресурстарының, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуге;
  13) балық ресурстарын қорғау режимі туралы ақпарат беретін аншлагтарды _______ (дана), плакаттарды ______ (дана) және балық шаруашылығын, жануарлар дүниесі объектiлерiн қорғау режимi туралы және қорғау режимi мен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ақпарат орнатуға;
  14) _______(адамнан) тұратын қорықшылық қызметін құруға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен  қамтамасыз етуге;
16) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге;
  17) 20__жылғы «__»________ дейін балық шаруашылығын жайғастыруын және оның орындалуын жүргізуді қамтамасыз етуге;
18) Ағымдағы жылғы балық шаруашылығының даму жоспары шеңберінде міндеттерді орындау туралы мәліметтерді дәлелдейтін құжаттарды қосымшаларымен есепті кезеңнен кейін әр тоқсанның 2-не инспекцияға ұсынуды қамтамасыз етуге;
19) бекітілген су айдындарында (учаскелерінде) балық шаруашылығы даму жоспарының уақытында және толық орындалуын қамтамасыз етуге;
20) егер де балық ресурстары және басқа да су жануарларына немесе олардың мекендеу ортасына өзінің қызметі салдарынан келген зиянды (залалды) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен келтірген зиянды (залалды) өтеуге;
21) балық және басқа да су жануарларының тиімді көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын және шоғырлану орындарымен су айдындарының өнімділігін сақтауға міндетті;
22) жергiлiктi тұрғындардың арасында жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау идеясын насихаттау;
23) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін сақтауға.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Инспекция өз құзыретінің шегінде:
1) Пайдаланушыға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелеріне) кедергісіз келуге;
2) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
3) құзыреті шегінде ұйғарым және қаулы енгізуге құқылы.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Пайдаланушының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын орындауын және осы шарттың талаптарын сақтауын бақылауға;
2) Пайдаланушы берген өтінімдерді ескере отырып, балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға арналған квоталарды бөлуге және рұқсаттамаларды беруге;
3) бекітіліп берілген су айдынының (учаскесінің) төлқұжатын «Пайдаланушыға» ресімдеуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Тараптардың жауапкершілігі
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен не жартылай басқа біреуге бермеуге міндетті.
Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Инспекция орын алып отырған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым шығарады  және оларды жою мерзімін белгілейді. Егер Пайдаланушы кемшіліктерді көрсетілген мерзімде жоймаса, онда оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.
8. Егерде Инспекция Пайдаланушының құқықтарын бұзған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Форс-Мажор
9. Егер шарттың қандай да болсын міндеттері еңсерілмейтін күштің (форс-мажор) әсер етуімен орындалмаса немесе тиісті орындалмаса, онда ешбір тарап орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершілікте болмайды.
10. Осы баптың мақсаттары үшін осы шарттың орындалуына кедергі болатын, тараптар бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылысымен не салақтығымен байланыспаған және ойламаған сипатқа ие оқиға форс-мажорлық мән-жай болып танылады.
11. Еңсерілмейтін күш жағдайлары пайда болған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап осы жайлы форс-мажорлық жағдайдың басталған мерзімі және сипаты нақтыланған жазбаша хабарламаны пошта бойынша тапсыру және (немесе) жолдау арқылы тез арада басқа Тарапты хабардар етеді.
12. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада кеңес өткізеді және осы жағдайларды минимумға келтіру үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.
13. Егер осы тарауда көрсетілген жағдайлар құзырлы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен расталған болса, онда олар заңды болып танылады.
5. Шарттың қолдану мерзімі
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі және ____ жыл мерзімге жасалды.
15. Балық шаруашылығын жүргізу шартының қолданылуы:
1) балық ресурстарын пайдаланудың өз еркімен бас тартқан;
2) балық ресурстарын пайдаланудың мерзімі аяқталған;
3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жүргізілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынған;
6) балық ресурстарын арнайы пайдалануға рұқсаттан айырған жағдайларда тоқтатылады.
6. Қорытынды ережелер
16. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде тараптар осы шарттың талаптарын, балық шаруашылығын жайғастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
17. Осы шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
18. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
19. Осы шартқа келтірілетін барлық өзгертулер мен толықтырулардың заңды күші болады және оның ажыратылмас бөлігі болып табылады, олар егер жазбаша түрде жасалып және екі жақтың өкілетті өкілімен қол қойылған болса.
20. Осы шарттан туындаған немесе осыған байланысты, келіссөз арқылы, Тараптар дауды шешуге тырысады, ал егерде тараптар келісе алмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы арқылы қаралады.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолтанбалары
        «Инспекция»                            «Пайдаланушы»
  _____________________                      ______________________
  _____________________                       ______________________
  (толық атауы, заңды (толық атауы, заңды
мекенжайы және деректемелерi) мекенжайы және деректемелері)
  Мөрдің орны                                                       Мөрдің орны                  
«Балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту туралы»  
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/ с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-15 ) тармақшасына сәйкес;

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-2 бабына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарына әкеліп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны жүзеге асыру үшін қаржы шығындары қажет етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаның мақсаты б алық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекіту

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша

Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер





Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қорытындысы алынды

10*.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі







Рұқсат етіледі



11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

www. minagri .gov.kz Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми сайтына және мемлекеттік органның интранет-порталында орналастырылған.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қ аулы жобасына баспасөз релизі www. minagri .gov.kz Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми сайтына орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
 «___»_______________2014 ж.