• Мое избранное
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 тамыздағы № 9040 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
04.08.2014 жылғы
№ 1-35-2/2362-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын (будан әрі – жоба) қарап келесіні хабарлайды.
  1. Жобаның 3-бөлімінің мазмұны Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 20-тарамағының «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау» бөліміне сайкес келмейдi.
  Жобаның 3-бөлімін Қағидаларға сәйкестендіру қажет.
  2. Қағидалардың 20-тармағы үшінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнің схемасы әрбір iс-қимылды (рәсiмді) өткен кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсету тиіс.  
  Сонымен, жобаның 1-қосымшасын кайта әзірлеу қажет.  
  3. Жоба мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасын қамтымайды. 
  Қағидалардың 7-1-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілген, оны жобаға қосымша ретінде ескерту қажет.
  Жоғарыда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстар әзірлеушімен бірге жұмыс тәртібінде пысықталды. Жобаның редакциясы өзгертілген, осыған байланысты қосымша ескертулердің жоқ екендігін хабарлаймыз.
  Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева