• Мое избранное
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау әдістемесі бекітілсін.
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 13 мамырдағы № 106-2/254 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.  
Осы бұйрық мемлекеттік тіркелу күнінен кейін күшіне енеді және ресми жарялауға жатады.  
  Министр    А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «____»
№_____________
бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау
әдістемесі
1. бөлім
тарау
1. Жалпы ережелері
1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау методикасы (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 13-шілде 1999 жылғы «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», 8 ақпан 2003 жылғы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңдарына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы жағынан сынау, баға беру ретін анықтайды.  
2. Осы Әдістемеде келесі негізгі түсініктер қолданылады:
1) қатар аралық қорғаныс (боковые защитки) – көршілес варианттар өсімдіктерінің бір - біріне әсерін тигізбеу үшін егілетін, есепке алынбайтын қатар аралық егіс;
2) тәжірибенің жарамсыздығы – әр түрлі себептермен тәжірибе жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты сорттар, делянкалар, түгелдей тәжірибе немесе участок бойынша алынған мәліметтердің дұрыс болмауы;
3) есептен шығару (выключка) – делянканың кейбір жерінде өсімдік өсіп дамуының өзгешелігіне байланысты (сирек шығуы, зиянкеске шалдығуы, шықпай қалуы, шала дамуы т.б. алынған мәліметтерді есепке алмау;
4) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау жөніндегі Мемлекеттік коммиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) – агроөндірістік кешеннің дамуына өкілетті органның қарамағындағы, өсімдік сорттарының патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын тексеретін ұйым болып саналады;
5) Сараптық кеңес – Мемлекеттік комиссияға қабылданған сорттарды мемлекеттік сынаққа қабылдау, оларды сынақ нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі» - не енгізу мен алуға ұсыныстар жасау және мемлекеттік комиссия бойынша күрделі сұрақтарды шешуге негізделген мемлекеттік комиссияның кеңесу жүйесі.
6) Мемлекетік комиссиядан «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі» - не өзгерістер енгізуге келіп түскен ұсыныстарды талқылап шешім қабылдайтын құзырлы орган.
7) Пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің Мемлекеттік тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) – өндірісте шаруашылық үшін пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары енгізілген, Мемкомиссияның ресми басылымы;
8) конкурстық сынақ – сорттардың шаруашылыққа пайдалы белгілерін зерттеу, бәсекеге қабілеттілігіне баға беру;
9) соңғы қорғаныс егістері (защиткалар) – тәжірибе участогін кездейсоқ зақымнан қорғау үшін есептен тыс егілген жер;
10) коридор – ярустар араларына техника бұрылып айналу үшін көлденең салынған жол;
11) баға критериі – алынған нәтижелердің дұрыстығын анықтау;
12) рендомизация – делянканы әр қайталымда кездейсоқ әдіспен орныстыру тәсілі;
13) үлгі – химиялық, технологиялық тағы басқа әр түрлі сараптаулар жүргізу үшін аз мөлшерде алынатын балама;
14) сортсынауды жоспарлау – зерттеу мәселелері мен объектілерін анықтау, эксперимент схемасын кұру, жерді және дала сынақтың структурасын тандау;
15) қайталау – сынақтан өткізілетін сорттар делянкасын қайталап себу;
16) отырғызылатын материал – реподуктивті және вегетативті көбейетін отырғызу материалдарының барлық түрлері (тұқымдар, көшеттер, көбейтуге арналған өсімдіктер мен олардың бөлшектері);
17) тексеру егісі (рекогносцировочный посев) – участоктың сынауға жарамдылығын анықтайтын арнайы егіс;
18) репродукция – тұқымды элитадан кейінгі көбейту реттері;
19) сорт – шаруашылық және биологиялық қасиеттері ұқсас, шығу жағынан тектес, тұқым қуалайтын белгілері бар және ботаникалық таксонда бірге болған өсімдіктерден, бір белгісі болса да өзгеше, бір дақылдың өсімдіктер тобы;
20) сорт ауыстыру – ұрықтарды жаңарту, ескі тұқымды сол сорттың жаңартылған ұрықтарымен ауыстыру;
21) сорттық тәжірибе – бір сорт бойынша өтетін сынаулар;
22) сортты ауыстыру – ескі сорттарды өнімді және сапасы жоғары сорттармен ауыстыру;
23) эталон – сорты – орта, орын және өсу жылының жағдайына тәуелсіз өзінің көрсетілім деңгейі бойынша морфологиялық белгілерін тұрақты сақтап тұратын өсімдік сорттары;  
24) стандарт – жаңа сорттарды салыстыруға арналған, пайдалануға рұқсат етілген сорттар ішіндегі ең жақсы сорт;
25) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын DUS – тест сынағынан өткізудің жеке әдістемесі.
26) Сынақ қортындыларының статистикалық дұрыстығы – НСР көрсеткіштермен белгіленеді;
27) сақтық қоры – ерекше жағдайда егістікте пайдаланатын тұқым қоры;
28) делянканың есептелетін алаңы – барлық есептеулер мен бақылаулар жүргізілетін методикада қамтылған алаң;
29) ярус – қайталаулары немесе барлық сорт варианттары бар дала сынақтарының параллелді орналасуы.