• Мое избранное

Отправить по почте

«Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 9073 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
2014 жылғы 11 тамыздағы
№ 11-1-11/3972 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
 1. Ірі, жоғары деңгейде қаржыландырылған банктерге қатысты нормаларды айқындау үшін қаулы жобасының 1-тармағын мынадай тармақшамен толықтыруды ұсынамыз:   
 «1) 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге және одан да көп меншікті капиталы бар банктер жеке тұлғалардың депозиттерін тартуда шектелмейді.
  2. Тұжырымдамаларды оңайлату мақсатында қаулы жобасының 1-тармағы 1) - 4) тармақшаларының талаптарын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
 «1) 10 000 000 000 (он миллиард) теңге меншікті капиталы бар банктер 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
 2) 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге меншікті капиталы бар банктер 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
 3) 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге меншікті капиталы бар банктер 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
 4) 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге меншікті капиталы бар банктер 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқығы бар.
 Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ескертулері мен ұсыныстарын ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді сұраймыз.
 Басқарма мүшесі- Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева