• My favorites
«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Attention! The document is repealed from 05.08.2015
The document is shown in demo mode! Price: 240 tenge/year

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Comment
  • Add bookmark
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Paragraph redactions(beta)

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығымен бекітілген

  • 1
«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.05.2015 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – порталда электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) фильмге прокаттау куәлiгiн беру (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) немесе Стандарттын 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы прокаттау куәлiгiн қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, прокаттау куәлiгi басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Көрсетiлетiн қызмет алушы өтiнiшiнiң немесе көрсетiлетiн қызметті алушының электрондық сұрау салуының болуы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады. 
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) қызмет берушінің уәкілетті қызметкерінің ол келіп түскен күні тіркеуі.
Өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері өтінішті ақпараттық жүйеде тіркейді;
2) қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі уәкілетті қызметкерінің (қызметкерлерінің) ұсынылған құжаттардың толықтығын олар келіп түскен күні тексеруі;
3) қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің келіп түскен сұрай салуды бір жұмыс күні ішінде тексеруі және өңделген сұрай салуды қызмет берушінің басшысына одан әрі қарау үшін жіберуі;
4) қызмет беруші басшысының жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы және сұрау салуды бір жұмыс күн ішінде одан әрі қарау үшін жіберуі;
5) қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының сұрау салуды тіркеуі және жауапты орындаушыны таңдауы;
6) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының сұрау салуға қоса тіркелген материалдардың белгіленген тәртіпке сәйкестігін үш жұмыс күн ішінде қарауы;
7) құрылымдық бөлімшенің уәкілетті қызметкерінің сұрау салуды оң нәтижемен не дәлелі бас тартумен бір жұмыс күн ішінде қызмет берушінің басшысына жіберуі;
8) қызмет беруші басшысының сұрау салу келіп түскен күні оған қол қоюы.
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы осы Регламенттің 10, 11-тармақтарында көрсетілген.
6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету жөніндегі рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген сұрау салу:
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
3) оң нәтиже болған жағдайда барлық қажетті деректемелер көрсетілген сұрау салу не теріс нәтиже болған жағдайда қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілген сұрау салу;