Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 1 бұйрығына
2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай - ХҚО), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (әрі қарай – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу (бұдан әрі – лицензия) немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық нысан.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, лицензия басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Көрсетiлетiн қызмет алушы өтiнiшiнiң немесе көрсетiлетiн қызметті алушының электрондық сұрау салуының болуы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей портал арқылы немесе орталықтар арқылы келіп түскен мемлекеттік қызмет алуға сұрау салуды (одан әрі – сұрау салу) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесінде (ақпараттық жүйе) ол келіп түскен күні тіркеуі;
өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште ұсынылған материалдардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркей отырып, өтінішті ақпараттық жүйеде тіркеуді жүргізеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі жауапты қызметкерінің (қызметкерлерінің) ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексеруі;
3) құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, сұрау салу тіркелген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан бас тарту;
4) ұсынылған құжаттар толық және анық болған жағдайда, сұрау салуды тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органдарға жіберу;
5) сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік орган басшысы қол қойған келісу туралы жобаны дайындау не келісуден дәлелді бас тарту;
6) келісуші мемлекеттік органдарға келісуге жіберілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау салуды және лицензия беру туралы шешімнің жобасын әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне жіберу;
7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының сұрау салуды бес жұмыс күні ішінде қарауы және келісуі;
8) келісуші мемлекеттік органның және құрылымдық бөлімше басшысының жауабын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің оң қорытындысы бар жобаны не дәлелді бас тарту бар жауапты бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі;
9) көрсетілетін қызметті беруші басшысының екі жұмыс күні ішінде жобаға қол қоюы.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген сұрау салу:
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
3) оң нәтиже болған жағдайда барлық қажетті деректемелер көрсетілген сұрау салу не теріс нәтиже болған жағдайда қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілген сұрау салу;
4) қызмет беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) шешімнің жобасын тіркейтін, қарайтын және дайындайтын жауапты орындаушы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушылардан тікелей портал арқылы немесе ХҚО-дан «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі (ақпараттық жүйе) арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) тіркеуі;
өтініш қағаз жеткізгіштерде келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіштерде ұсынылған құжаттардың сканерлеген көшірмелерін қоса тіркей отырып, өтінішті ақпараттық жүйеде тіркеуді жүргізеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі жауапты қызметкерінің (қызметкерлерінің):
ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексеруі;
3) ұсынылған құжаттар толық және анық болған жағдайда, қызмет көрсетуші құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органдарға жіберу;
4) он жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған келісу туралы жауапты не келісуден дәлелді бас тартуды дайындау;
5) келісуші мемлекеттік органдарға жіберген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне шешімнің жобасын жіберу;
6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының сұрау салуды бес жұмыс күні ішінде қарауы және келісуі;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің оң қорытындысы бар жобаны не дәлелді бас тарту бар жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімге не дәлелді жауапқа екі жұмыс күні ішінде қол қоюы.
4. ХҚО-мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. ХҚО-ға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрай салуын өңдеу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін тіркелген орны бойынша ХҚО-ға жүгінеді.
ХҚО-да құжаттарды қабылдау «электронды кезек» тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады.
Көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі және нәтижені жоспарлы беру уақыты қойылған, көшірмесі уақыты көрсетілетін қызметті алушыға табыс етілетін тізімдеме өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ХҚО арқылы көрсету процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың тізімдемесімен ХҚО-ға жүгінеді;
2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету ұзақтығы – 15 минут;