Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 1 бұйрығына
3-қосымша
«Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысына|553406201] (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші қызметкерлерінің қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметтi алушы қолдаухатының болуы мемлекеттік қызметті көрсетуді бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметтi алушыдан келіп түскен қолдаухатты көрсетілетін қызметті берушінің ол келіп түскен күні тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкерінің келіп түскен қолдаухатты бір жұмыс күні ішінде өңдеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына одан әрі қарау үшін жіберуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы және қолдаухатты бір жұмыс күні ішінде одан әрі қарау үшін жіберуі;
4) құрылымдық бөлімше басшысының ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеруі және бір жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы;
5) жауапты орындаушының екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша қорытынды дайындауы;
6) құрылымдық бөлімше басшысының екі жұмыс күні ішінде қорытындыға қол қоюы және материалдарды көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарауына жіберуі;
7) қолдаухатты қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы хаттамасының отырыс өткен күні бекітілуі;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім қабылдауы;
9) объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім жөнінде көрсетілетін қызметтi алушыға хабарлау.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген қолдаухат;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
3) уәкілетті органның басшысы бекіткен комиссия отырысының хаттамасы;
4) объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім;
5) объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім жөнінде көрсетілетін қызметтi алушыға хабарлау.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметтi беруші қызметкерлерінің тізбесі;
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінімді тіркейтін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) құрылымдық бөлімше басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің шешім қабылдау үшін жауапты уәкілетті қызметкері;
5) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы.
8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған қолдаухатты келіп түскен күні тіркеу;
2) ұсынылған материалдарды тіркелген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде өңдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бір жұмыс күні ішінде жіберу;
3) көрсетілетін қызметті беруші жетекшісінің бір жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
4) жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі және бір жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы;
5) жауапты орындаушының екі жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдар бойынша қорытынды дайындауы;
6) құрылымдық бөлімше басшысының екі жұмыс күні ішінде қорытындыға қол қоюы және материалдарды көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарауына жіберуі;
7) қолдаухатты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы хаттамасының отырыс өткен күні бекітілуі;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім шығаруы;
9) объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешімнің көшірмесін көрсетілетін қызметтi алушыға жіберу.