• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 14.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығына 1-қосымша

«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 14 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 623 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және әуе қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 5-тармағының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі авиация персоналына куәлiктер (бұдан әрі - куәлік) беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін көрсетілетін қызмет құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынның 9-тармағында көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті өтініш пен өзге де құжаттарды беру болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеп, оларды қызметті берушінің басшысына қарастыруға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қарап, оларды көрсетілетін қызметті берушінің Авиация персоналына куәлiктер беруді ұйымдастыру және медицина жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажет қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын қарап, оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының өтініші мен өзге де құжаттарын тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде куәліктерді ресімдеуді немесе куәліктің мерзімінің ұзартылуын және көрсетілетін қызметті алушы басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) 15 минут ішінде қызметті алушының жеке келуі кезінде куәлікті береді.