Bestprofi Logo

Регламент № 243 от 2014-04-09г./Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

«Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығына 3-қосымша

«Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Регламент күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 660 Бұйрығына сәйкес

1. «Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 81-бабының 2-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 қаулысының 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітіліген «Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі- қызметті беруші) көрсетеді.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электронды (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік, куәліктің телнұсқасы) беру болып табылады.

2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және қызметті алушының өзге де құжаттарын алу болып табылады.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс - қимылдары):

1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын кiрiс хаттарды тіркеу журналында тіркейді және қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады, және оларды қызметті берушінің Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жолдайды;

3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады, және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;

4) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 40 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, куәлікті немесе телнұсқаны ресімдейді және қызмет берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;

5) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде куәлікке (куәліктің телнұсқасы) қол қояды және оларды Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) тапсырады;

6) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде куәлікті (куәліктің телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген куәліктерді (куәліктердің телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.

Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінішін және өзге де құжаттарын тіркеген күнінен бастап 10 жұмыс күні дейінгі мерзімде тапсырылады.

7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс - қимылдың) нәтижесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына тапсыру;

2) Басқарма басшысының қарауы үшін қызметті беруші басшының қарары;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание