Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2014 жылғы
9 сәуірдегі № 243 бұйрығына
8-қосымша
«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 15-1) тармақшасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат сертификаттың телнұсқасы) болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау негіздемесі қызметті алушының өтініші мен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізімі болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және қызметті берушінің аэронавигация басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын алған күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға баға береді.