• Мое избранное
«Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1720 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1720 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 9141 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ ДЮС-2/1045-ВН хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1720 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
  Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту қағидаларының жобасында (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) төртінші тоқсанның әрбір айына берілетін есепке алу-бақылау маркаларының (ЕБМ)немесе акциздік маркалардың санын ЕБМ немесе акциздік маркалардың орташа айлық көрсеткішінен 15 пайыздан аспайтын мөлшерде шектеу ұсынылады.
 Сонымен қатар, алкоголь өнімінің жеткізілімдері сату жоспарларына сәйкес есептеледі және маусымдық сипатқа ие (төртінші тоқсанда мерекелерге байланысты сату көлемдері маусымдық ұлғаяды). Бұдан басқа, ЕБМ немесе акциздік маркалардың саны бойынша шектеу кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі болып табылады.
 Импорттаушының Міндеттемені орындауын қамтамасыз ету Міндеттемені енгізу мақсаты болып табылатынын ескере отырып, қамтамасыз етудің жалпы мөлшері акциз құнының жалпы мөлшерінен аспауы тиіс. Осыған байланысты, Қағидалар жобасының 21-тармағында Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасының жалпы мөлшерін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес алкоголь өнімінің сол немесе өзге түріне акциздің жалпы құнынан аспайтын мөлшерде белгілеуді ұсынамыз.
 Қағидалар жобасының 27-тармағында заңнама ережелеріне сілтеме жасай отырып бас тартудың себептерін көрсетумен Есепті растау немесе растаудан бас тарту күндерінің санын 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынамыз.
 Қағидалар жобасының 32-тармағында салық органының ақшаны уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) мерзімін –Қағидалар жобасының 37-тармағына ұқсас Есепті растағаннан кейін 5 жұмыс күні деп белгілеуді ұсынамыз.
  Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева