• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « » 
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі
 

р/ с

Ұйымдар атауы

Қызмет түрі



« IT Engineering SA » к омпания сы



Жобалау

АО «Транстелеком»



Жобалау

«Сембол УлусларарасыЯтырымТарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайиве Тиджарет Аноним Ширкети» АҚ



Құрылыс

«СК Базис» ЖШС



Құрылыс

« Mabco constructions SA » компаниясы



Құрылыс

«АБК Кұрылыс – 1» ЖШС



Құрылыс

«Компания АДС» ЖШС



Құрылыс

 «Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына  
 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р / с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі



2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы ның 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы ның 6-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар



Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық келеңсіз салдарларға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар



2014-2016 арналған бекітілген республикалық бюджетке сәйкес

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі



Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін барлық іс-шараларды уақытылы орындау



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер



Жоқ



7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі



Талап етілмейді



8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері



Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат Жоба мемлекеттік органдардың интранет –порталда (МОИП-186.1кВ)



12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) Баспасөз релизін орналастыру талап етілмейді
Министр Е. Досаев
2014 ж. « »