0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты










Отправить по почте
«0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартартын және үлгілік оқу бағдармаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
№______
бұйрығымен бекітілген
0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандартты меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдары қолданады.
0302000 «Мейіргерлік ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамыздағы № 1080 қаулысына сәйкес әзірленді және кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы негізгі мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындайды.
Стандартта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдастыру мақсатында білім, ғылым және мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары пайдаланылған.
2. Осы Стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:
1) базалық құзырет (БҚ) - өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі уәждемелеуге бейімдеу, өзінің қызметі мен өзін-өзі басқару қабілеттілігі;
2) білім беру бағдарламасы - оқу жұмыстарының түрлері, пәндер тізімі арқылы білім беру жүйесінің белгілі сатысының мазмұнын анықтайды және оларды оқытуға берілген уақыт көлемі, мақсаттары енгізілген құжат;
3) біліктілік - нақты кәсіп пен мамандықтар бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға дайындығының түрі мен деңгейі;
4) жұмыс оқу жоспары - білім беру ұйымының жетекшісі бекітетін, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемі бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бақылауды реттейтін типтік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымымен әзірленетін құжат;
5) кәсіптік практика - оқу үрдісінің кәсіптік оқытуда ең жалпыланған өлшемі мен еңбек қызметіне қызмет көрсетуде білікті техникалық қызметкерлерді даярлаудың тиімді түрі;
6) кәсіптік құзырет (КҚ) - маманның кәсіптік тәжірибе, дағдылар, білім негізінде кәсіптік мәселелер жиынтығын шешу қабілеттілігі, сонымен бірге кәсіптік қызметін тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттері;
7) құзырет - маманның кәсіптік тәжірибе, дағдылар, білім негізінде кәсіптік мәселелердің белгілі жиынтығын шешу мен іске асыру қабілеттілігі;
8) модульдік оқыту - нақты кәсіптік құзыреттің қалыптасуына бағытталған жеке өзара байланысқан блок түрінде материалдарды құрылымдық зерттеуді болжайтын оқу жүйесі;
9) оқу жұмыс бағдарламасы - білім беру ұйымының жетекшісімен бекітетін, типтік оқу жоспарының негізінде нақты жұмыс оқу жоспарына арналған техникалық және кәсіптік ұйымымен әзірленетін құжат;
10) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқу нысаны (күндізгі) бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
11) оқу жоспарының моделі - техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық құрамын бейнелейтін оқу жоспарын сипаттайтын нысан;
12) орталықтандырылған пациент - науқасты қоршағандар мен өміріне кәсіптік қызметінің бағытталуы.
13) типтік оқу жоспары - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту мерзімі, кәсіптер мен мамандықтарға қолданылатын оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін айқындайтын оқу жоспарының негізінде әзірлеген құжат;
14) типтік оқу бағдарламасы - типтік оқу жоспарының нақты пәні бойынша дағдылар мен іскерлік, білім көлемін және мазмұнын анықтайтын құжат;
15) цикл - бір білім беру бағытының оқу пәндерінің жиынтығы;
3. Стандарт модульдік оқытудың негізінде іске асырып, құзыреттілік тәсілін пайдалануды көздейді, 5В110100 «Медбикелік іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім беру стандартымен сабақтасып келеді.
4. ҚР МЖМБС 030200 «Мейіргерлік ісі» мамандығы бойынша біліктілігі бар 030201 1 «Күту бойынша кіші мейіргер», 030203 3 «Жалпы практика мейіргері» қажетті білім мен практикалық дағдылардың ең төмен міндетті білімін айқындайды.
5. «Мейіргерлік ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады, сонымен бірге:
1) оқу-бағдарламалық құжаттамамен - оқу жоспарының моделімен, типтік және жұмыс оқу жоспары және бағдарламалармен, жеке оқыту жоспарымен;
2) білім беру бағдарламаларымен;
3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мен білім беру саласында уәкілетті органдармен бекітілген нормативтік құжаттармен.
2.Мамандық бойынша білім алушыларға қойылатын талаптар
3. Білім беру бағдарламасының құрылымына қойылатын талаптар
7. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
8. Күндізігі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасын игеруге нормативтік мерзім жалпы орта білім беру базасында: 030201 1 «Күту бойынша кіші мейіргері» біліктілігі бойынша - 10 ай, 030203 3 «Жалпы практикадағы мейіргері» біліктілігі бойынша - 2 жыл 10 ай.
9. Күндізгі оқу нысаны кезінде міндетті оқыту жүктемесінен алғанда аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс (көрсетілген көлемге факультативтік пәндер мен консультация кірмейді).
10. Білім алушылардың оқыту жүктемесінің көлемін анықтау кезінде білім беру мекемесі:
1) мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларына өзіндік пәндер және/немесе қосымша тақырыптар мен бөлімдерді енгізу жолымен және/немесе кәсіптік практиканың оқу уақытын ұлғайту арқылы теориялық және практикалық даярлықты кеңейтеді және (немесе) тереңдетеді;
2) кәсіби қызығушылығына қарай жұмыс берушілердің қанағаттандыруға бағытталған пәндерді енгізеді (пәндер, білім мекемесі анықтауынша 10 %).
11. Оқу үрдісін жоспарлау кезінде, осы Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес үлгілік оқу жоспарын негізге алу қажет.
12. Оқу жылы қыркүйектің 1-нен басталып, шілденің 1-нде аяқталады. Демалыс уақыты жылына 11 апта, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем болмау тиіс.
1) Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағат көлемінде қарастырылған.
2) Күндізгі оқу нысанында білім алушылардың әр оқу жылына әр топқа 100 сағат көлемінде қарастырлған. Қорытынды және аралық аттестация емтихан түрінде қарастырылатын пәндер бойынша консультация жоспарланады, сонымен бірге кәсіптік дайындық деңгейін тексеру және біліктілікті беру.
3) Білім алушылардың білім беру бағдарламасын игеру сапасын бақылауына оқу үрдісінің жоспарында келесі нысаналар қарастырылады:
аралық аттестация;
қорытынды аттестация;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |