• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы
№ Қаулысының 1 қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар еңгізу
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҰАЖ-ы, 2003 ж., N 19, 192-құжат):
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
2) инвестициялық жобаны іске асыруға қызметтің басым түрлерінің тезбесі;
3) инвестицияны саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізат және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі, жойылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды мемлекеттік ќолдау саласындаєы ујкiлеттi органныѕ мемлекеттiк органдардыѕ мамандарын тарту ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялар саласындаєы ујкiлеттi органныѕ мемлекеттiк органдардыѕ мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесi»;  
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы ќаулы инвестициялық преференцияларды беруге өтінімді қарастыру кезінде, инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт жасауда және инвестордың инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезіндн инвестициялар саласындаєы ујкiлеттi органныѕ мемлекеттiк органдардыѕ мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесiн анықтайды.».
2. «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысына:
Көрсетілген қаулымен бекітілген, моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» 4 тарауында:
«Міндеттері» бөлімінде:
Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету їшін шағын және орта бизнесті дамыту, екінші бағытында: 1) тармақшасының 4 тармағының үшінші абзаці, жойылсын.
«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» 7 тарауында:
Реттік номері 10 жолы, жойылсын.
3. «Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 90 Қаулысына:
Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:  
«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт жасасу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»;
1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;  
инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт жасасу стандартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт жасасу стандарты»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі мемлекеттік - қызмет).»;  
4 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні (инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес ұсынылады).»;
9 тармақта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияларда жазылсын: