• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілімін беру ережесін, нысаны мен мерзімін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті  мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілімін беру ережесін, нысаны мен мерзімін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық көдексі) 270-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілімін беру ережесі мен мерзімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілім нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық Комитеті  (Ә.С. Жұмаділдаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министірлігіндегі мемлекеттік тіркеуд ен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықты ресми түрде жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет- ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидалары, нысаны мен мерзімі
1. Осы Қағидалар мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі — уәкілетті орган) тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға жазылған құжаттар тізілімін табыс ету (бұдан әрі - тізілім) тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Тізілімді тауарлар мемлекетті материалдық резервтен шығарылғаннан кейін уәкілетті орган жасайды.
3. Тізілімді уәкілетті орган мемлекеттік немесе орыс тілінде 2 данада қағаз тасығыштарда уәкілетті орган тіркеу есебінде тұрған жердің салық органына табыс етеді. Тізілімнің бір данасы салық органының белгісімен уәкілетті органға қайтарылады.
4. Тізілімді табыс ету үшін есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
5. Тізілім есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмейтін мерзімде табыс етіледі.
6. Тізілім есепті кезең ішінде мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған тауарлар бойынша уәкілетті орган жазып берген құжаттар туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
1) кезекті - тізілімді табыс ету бойынша міндеттеме алғаш туындаған есепті кезең үшін және осындай кезеңнен кейінгі есепті кезеңдер үшін уәкілетті орган табыс ететін тізілім;
2) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын есепті кезең үшін бұрын табыс етілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде уәкілетті орган табыс ететін тізілім.
8. Тізілім қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады.
9. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.
10. Тізілім уәкілетті органның мөрімен куәландырылады және оны жасауға жауапты тұлға, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы не уәкілетті органның уәкілеттік берілген адамы қол қояды.
2) В бағанында - сатып алушы - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті түрде толықтырылуы керек;
3) С бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың нөмірі;
4) D бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың жазылған күні;
5) Е бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы жалпы құны;
6) F бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.
F бағанының жиынтық шамасы тізілімнің тек бірінші бетінде ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағандарында көрсетілген барлық шамаларды жинақтау жолымен айқындалады. 
«Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті  мемлекеттік органмен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы» бұйрыққа негіздеме-анықтамасы
 

Р/с

Көрсетуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынып отырған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актінің нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 270-бабы 3-тармағымен сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың қажеттілігін дәлелдеу (нақтылы мақсаты, дәлелі және акті немен байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 189- V Заңын іске асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту мен толықтыру немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдаумен байланысты күшін жою деп тану туралы мәліметтер

Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1198 Қаулысы

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағындағы талаптарды есепке ала отырып, олар туралы актілердің реквизиттерін көрсетумен мемлекеттік тіркеуден бас тартқан, о сы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық акті туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акті, шығындарды өсіру немесе республикалық және жергілікті бюджеттердің қысқаруын көздейді ма?

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Талап етілмейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, интернет-ресурстарын қоса есептегенде, бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялау (тарату) туралы мәліметтер

Талап етілмейді

9.

Сараптық қорытындылар бермеген аккредиттелген кәсіпкерлер бірлестігінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты актілер үшін)

Талап етілмейді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті