• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың қөші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың қөші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 9201 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрлігі
2014 жылғы 1 тамыздағы
№ 14-3-18/2480-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың қөші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ары қарай – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Заң жобасын қарап, келесіні хабардар етеміз.
  1. Заң жобасының қазіргі редакциясында шетелдік жұмыс күшін үлестемелеу туралы халық көші қоны мен жұмыспен қамту туралы заңнаманың нормалары шетелдік компаниялардың ішкікорпоративтік ауысу шеңберіндегі мамандарына таралмайтыны айталған, бұл ретте осындай мүмкіндік ұлттық компанияларда жоқ.  
  Бұл шетелдік компаниялар үшін қазақстандық компаниялар алдында қосымша бәсекелестік басымдылықтар береді, ол ұлттық бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.
  Осыған байланысты, ұлттық компаниялардың ішкікорпоративті қызметін пайдалану мүмкіндігін жазу қажет.
  2. Шетелдік мамандарға ҚР келіп, өз еркімен сұранысы жоғары, экономиканың басымды саласында (экономикалық әрекет түрлерінде), мамандық бойынша жұмыс істеу құқығы заңнамада қарастырылған.  
  Сонымен қатар өз бетімен жұмысқа тұру үшін, халықтың көші-қон мәселесі бойынша шетелдік мамандардың талап етілетін біліктілік пен білім деңгейіне сәйкес құзіретті органдармен берілетін біліктілікті сәйкестендіру анықтамасын алу механизмі қарастырылған.  
  Шетелдік мамандарға анықтаманы өзі тұрып жатқан елден, келісім рәсіміне кеткен шығынды осы қызметті алатын тұлға өтейтінін анықтап, алуға кеңес береміз.
  Осылай Қазақстанда өз бетімен жұмысқа орналасу рәсімі потенциалды шетелдік жұмысшылар үшін тартымды болады, және жұмысқа орналасуда, елде тұру және тасымалдауға кететін қосалқы ақша шығыны сияқты көптеген шығындары шешіледі.  
  3. Сонымен қатар, жергілікті атқару органдарының Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатын беру және ұзарту кезінде жұмыс берушіден алымдарды жинау заңнамамен қарастырылған.  
 Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға кадрде қазақстандық мазмұнға сәйкес келу, үлестемелеу жүйесі, рұқсаттама берудің көпдеңгейлі келісімі және т.б. көптеген шектеу қойылған.  
  Сонымен қатар, заңнамада ұсынылған жұмыс берушіге рұқсаттаманы беру мен созуға алым сомасы, шетелдік маманның орташа айлық сомасынан біршама жоғары болады. Бұл жұмыс берушінің шығынына күрделі әсер етуі мүмкін.  
  Осыған байланысты , шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсат беру мен оны ұзарту үшін алынатын алымдарды жинау жүйесін енгізу қолайсыз деп есептейміз , неге дегенде бұл қосымша тосқауыл болып кәсіпкерлердің көлеңкелі экономикаға өтуіне одан да бетер түрткі болады.
НҚА өзгерістер мен толықтырмалармен келіспеген жағдайда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап беруді сұраймыз.
 Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева