«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағымен сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С.Жұмаділдаев):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
___________ Қ.Н.Келімбетов
2014 жылғы «___» _________
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына салыстырма кесте
| Р/н | Құрылымдық элементі | Қолданыстағы редакциясы | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме |
| | Преамбула | «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағымен сәйкес БҰЙЫРАМЫН: … | «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағымен сәйкес БҰЙЫРАМЫН: … | Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңының қабылдануымен сәйкес салық заңнамасында осы норма жоқ.
|
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына НЕГІЗДЕМЕЛІК АНЫҚТАМА
| № р / н | Түсініктеме жазбасында көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі | Әзірлеуші-мемлекеттік органның ақпараты
|
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
| 2 | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме бере отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негізі (мемлекеттік органның құзыреті)
| «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес |
| 3 . | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаты, себебі және неге байланысты акті қабылданды)
| «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының ережелерімен сәйкес келтіру мақсатында |
| 4 | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты оларға өзгерістер мен толықтырулар немесе күшін жоюы туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтер
| «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы, «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» |
| 5 | Мемлекеттік тіркеуден оларды жою туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, заң сараптамасын жүргізбей, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе қайтарылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6 | Осы нормативтік құқықтық акті, республикалық немесе жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе шығыстарды ұлғайтуды көздемей ме? | Көздемейді |
| 7 | Мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актіні келісу туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген |
| 8 | Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәлiметтер
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің www . salyk . kz сайтында орналастырылған
|
| 9 | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн) |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры М. Әділханов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |