• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 наурызда № 9224 тіркелді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қолжазбаларды сақтауға тапсыру, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
1) «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде 2011 жылғы 15 тамызда № 7133 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 66 (2074) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2) «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 327 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қазанда № 8035 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 85 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтарда № 34 қаулысымен бекітілген «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не ұсынылған материалдарды қайтара отырып, қағаз тасығышта берілетін қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет 
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерімен өтінішті мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжат айналым жүйесінде (бұдан әрі – БЭҚАЖ) тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарауы;
3) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен қарауы;
4) өтінішті авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасы басшысының қарауы;
5) авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасы сарапшысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушысына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдауы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
4) авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасының басшысы;
5) авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы процестер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына нұсқаумен жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасының басшысына нұсқаумен жібереді;
4) авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысына нұсқаумен жібереді;
5) авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметті жүзеге асыру басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы құжаттар пакетін қарауға алғаннан бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, сосын көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолын қоюға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолайды (мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімі ішінде, телнұсқасын берген кезде 10 (он) жұмыс күні мерзімінде көрсетіледі);