• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 9272 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
18.08.2014 жылғы
№ 15/2-2-6377 хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
   Осыған байланысты, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.
  Басқарма мүшесі З. Ноғайбай