• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 9312 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
2014 жылғы 11 шілдедегі
№ 11-1-11/3435 хатқа қатысты
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
  1. Қаулы жобасында банктің жеке капиталының ең төменгі мөлшері бойынша пруденциялық норматив келесі талаптарды бір мезгілде орындау кезінде орындалған болып есептеледі: банктің жеке капиталының іс жүзіндегі мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден кем емес қаражатты құрайды; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған банк операцияларын жүзеге асырумен байланысты міндеттемелер мөлшері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген мәннен аспайды.
  Сонымен бір мезгілде Қаулы жобасында ең төменгі жеке капитал мен міндеттемелер мөлшерінің арақатынасына қойылатын талаптар жазылмаған, ал уәкілетті орган белгілеген міндеттемелер мөлшерлеріне сілтеме келтірілген. Қазіргі уақытта осындай міндеттемелердің мөлшерлері белгіленбеген және Қаулы жобасында жазылмаған. Осылайша, осы арақатынастарды айқындайтын қосымша құжат талап етіледі.
  Яғни:
  а) ҚР Ұлттық Банкі қазір орнататын мәндер жиі ауысатын болады деген күдік бар;  
  б) осындай көзқарас банктер және олардың акционерлері үшін екіұштылық тудырады, банктерге өздерінің дамуының ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспарларын құру мүмкін болмайды.
  2. Сондай-ақ, Қаулы жобасының редакциясы банктен капиталын өсіруді талап етеді, ал бұдан бұрын капиталды өсіру талабының орнына қолда бар жеке капиталына тәуелділікте жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға шектеу енгізу туралы келісімге қол жеткізілген болатын.
  3. Депозиттерді қабылдау бойынша шектеу жеке капиталының ең төменгі мөлшері бойынша 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге талабын орындайтын банктерге таралмайтындығын нақты бөліп көрсету маңызды деп санаймыз.
  Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 қаулысындағы (бұдан әрі-Қаулы) жобамен ұсынылған 1-1-тармақты келесі редакцияда өзгертуді ұсынамыз:
  «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар және жеке капиталының ең төменгі мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге талабын орындамайтын банктер үшін, жеке капиталының ең төменгі мөлшері мен жеке тұлғалардың депозиттерін тартудың арақатынасы туралы талап келесі тәртіпте белгіленеді:  
  «1) 10 000 000 000 (он миллиард) теңге жеке капиталы бар банктер 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
  2) 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге жеке капиталы бар банктер 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
  3) 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге жеке капиталы бар банктер 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
  4) 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге жеке капиталы бар банктер 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеден аспайтын мөлшерде жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға құқылы.
  5) 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге және одан жоғары жеке капиталы бар банктер жеке тұлғалардың депозиттерін тартуда шектелмейді.»
  Ұлттық палатаның жоғарыда көрсетілген ұсыныстарынан өзге ұсынылып отырған 7 беттегі салыстырмалы кестені де қарауды сұраймыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, дәлелді жауап ұсынуларыңызды сұраймыз.
 Басқарма мүшесі-Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай