• Мое избранное
«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясын желiге бөлудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтер көрсетуге арналған үлгi шартында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
  «__________________________ 20 __жылғы «__» ________ 
 (шартты жасасу орны)  
        Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi ұсынатын ____________________________________________________________атынан 
 (қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама, берген күнi мен орган)
  ________________________________________________________негiзiнде  
  әрекет ететiн____________________________________________________ 
 (лауазымы, Т.А.Ә.)  
  бiр тараптан және бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын ___________________________________________________________атынан 
 (пайдаланушының деректемелерi, құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама, берген күнi мен орган)  
  ____________________________________________________негiзiнде әрекет ететiн________________________________________________________
 (лауазымы, Т.А.Ә.)  
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
электр энергиясының/электр энергияның шартты көлемi - техникалық диспетчерлендiруі тиіс электр энергиясының көлемi;  
өтiнiм - Тұтынушының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Өнім берушіге жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын беру уақытының кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты бойынша көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болып табылады;  
электр энергиясының нормативтiк сапасы - Шартты орындау сәтiнде бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін электр энергиясының сапасы;  
есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтеріне есеп айырысу жүргізілетін күнтізбелік бір айға тең айдың бірінші күні сағат 00-00-ден бастап соңғы күні сағат 24-00-ге дейін уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат);  
Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – жүйелік оператор жасаған, электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, теңгерімдеуші нарығында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін есеп айырысу кезеңінде атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысу жүргізу үшін негіз болып табылады;  
нақты көлем - желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiлеріне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тұтынушының желiлеріне Тұтынушы берген (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;
жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын және қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталық оралымды-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйелік оператордың құрылымдық бөлімшесі;
өңірлік диспетчерлік орталық (ӨДО) - ЖО ҰДО-ға оралымды бағынысты және оралымды-диспетчерлік функцияларын жүзеге асыратын жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
коммерциялық есептеу кешені – коммерциялық есепке алу үшін қажетті коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпаратты жинақтау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан жабдық;
электр желiлерi – Өнім берушіге де және/немесе Тұтынушыға да, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi электр энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған шағын станциялардың, таратушы құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр желiлерiнiң жиынтығы;
өнім беруші – электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсететін жүйелік оператор;
тұтынушы – энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс электр энергиясын жеткізуді (импорт) жүзеге асыратын заңды тұлға.
Өнім беруші желiге электр энергиясын бepуді техникалық диспетчерлендіруді және Тұтынушының энергия құрылғыларының қосарлас жұмысын ҚР БЭЖ құрамында қамтамасыз етедi.»;
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұтынушы Өнім берушінің техникалық диспетчерлендіру жөнiнде көрсетілетін қызметтерiне Шартта белгiленген мөлшерде және тәртіппен ақы төлеуге мiндеттенеді.
   5. Техникалық диспетчерлендiру жөнiнде көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес көрсетiледі.   
6. Техникалық диспетчерлендiру режимiне энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын және/немесе Тұтынушы импорттайтын электр энергиясын берудің тәуліктік кестесі қабылданады.  
7. Электр энергиясын өндiру мен тұтынудың тәулiктiк кестесiн Тұтынушы өзінің тұтынушылармен жасалған тiкелей шарттардың негiзiнде тұтынушылардың келiсiлген тәулiктiк өтiнiмдерi негiзiндегі түзетулерді ескере отырып жасайды.»;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiсiне (желiлерi арқылы) Тұтынушы беретін (импорттайтын) электр энергиясының нақты көлемi есеп айырысу кезеңінің бiрiншi күні сағат 00-00-ден бастап соңғы күні сағат 24.00-ге дейiн (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) Тұтынушының энергия өндіруші ұйымдарының (электр станцияларының) шиналарында не Тұтынушы мен электр желiлерi иелерiнiң пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасында орнатылған коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткіштерiн салыстыру актiсiне тараптардың қол қоюымен, есептiден кейiнгі айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей айқындалады.»;
13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Электр энергиясын есепке алудың өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты жұмыстардың кез келген түрiн жүргiзген кезде Тұтынушы жұмысты бастаудан бұрын ол туралы Өнім берушіге жазбаша түрде хабарлауға және тиiстi рұқсат алуға мiндеттi. Тұтынушы жөндеу жүргiзу кезеңiнде электр энергиясын есепке алу Өнім берушімен келiсiлген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
   14. Шарттық талаптар бұзылған жағдайда Өнім берушінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi тоқтатуға құқығы бар.   
15. Өнім беруші:  
   1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылардың бәріне тең жағдайлар ұсынуға;   
   2) электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiнде көрсетілетін қызметтер шарттарын жасасу кезiнде тарифтер белгiлеу бөлiгiнде уәкілетті органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;