| № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының
5-бабы 6) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Жобаны қабылдауы келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды және сұйытылған мұнай газын саудада баға жөніндегі саясаты реттеуге мүмкіндік береді |
| 4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді |
| 5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
| 2014 жылғы төртінші тоқсанға ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағаларын белгілеу |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | «Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 712 қаулысы
|
| 7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
| Талап етілмейді |
| 8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | Жүргізілген жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер
| Жоқ |
| 10. | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында www.mgm.gov.kz 129 кб
|
| 12. | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | 2014 жылғы 12 тамыздағы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) қаулы жобасына баспасөз релизі орналасқан |