• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысымен бекітілген

  • 1
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қызмет стандарты күшін жойды 2015 жылғы 19 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 589 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ӨҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
лицензия беру үшін - 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін - 10 жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, ендіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады, ол:
1) лицензия беру үшін — 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК-ті;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - 20 АЕК-ті құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді.
Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке теленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді:
лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.