Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
Toggle Dropdown
лицензия беру үшін - 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін - 10 жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады,ол:
Toggle Dropdown
1) лицензия беру үшін - 9 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 0,9 АЕК-ті;
Toggle Dropdown
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - 9 АЕК-ті құрайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
2) портал - тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Toggle Dropdown
лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді:
Toggle Dropdown
лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
порталға:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
Toggle Dropdown
3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.