• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысымен бекітілген

  • 2
«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қызмет стандарты күшін жойды 2015 жылғы 19 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 589 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді. ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - күнтізбелік 15 күн.
Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) күнтізбелік 5 күнді құрайды. Осы мерзім мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
2) портал — тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) сыртқы сауда келісімінің (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
3) арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттама;
4) арнайы техникалық құралдардың үлгілері (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша) (арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді);
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
3) арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттама электрондық құжат нысанында немесе сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша), көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тиісті хабарлама жібереді.
Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып хабарлама-есеп жіберіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, жеке басын куәландыратын құжат, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
2) үшінші елдерде олардың кедендік аумағына арнайы техникалық құралдарды әкелуге шектеудің болуы;
3) Кеден одағына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру ықтималдығы болып табылады, ол арнайы техникалық құралдарды және (немесе) олардың құжаттамасын зерттеу (сынау, сараптау) нәтижелері бойынша айқындалады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды, адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33.
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.