Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.e.gov.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 10 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз түрінде және электрондық құжат нысанында шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияны тіркеу не тіркемеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған шешімі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
2) портал — тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) еркін нысандағы ілеспе хат;
Toggle Dropdown
2) Нотификацияны тіркеу тәртібі туралы ережеге («Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Шифрлау (крифтографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге 3-қосымша (бұдан әрі - Ереже) сәйкес толтырылған және ресімделген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы нотификация екі данада;
Toggle Dropdown
3) *.хls. пішінді жеткізгіштегі (компакт-диск, флэш-жады) нотификацияның электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файлы құрылымының сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген);
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжат (апостиль, консулдық заңдастыру). Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, түпнұсқасына немесе нотариус куәландырған көшірмесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі (нотификацияны Кеден одағына мүше емес елдің өндіруші ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс);
Toggle Dropdown
порталға:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
2) Нотификацияны тіркеу тәртібі туралы ережеге сәйкес (Ережеге 3-қосымша) толтырылған және ресімделген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы нотификация электрондық құжат нысанында электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
Toggle Dropdown
3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін *.хls. пішіндегі нотификацияның электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файл құрылымының сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген);
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжаттың (апостиль, консулдық заңдастыру) сканерленген көшірмесі электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, электрондық сұрау салуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса тіркеледі (нотификацияны Кеден одағына мүше емес елдің өндіруші-ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс).