• Мое избранное
«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
 Жоба
«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2007 ж., № 34, 385-құжат) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  аталған қаулымен бекітілген Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесінде:
  2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
  «2. Ереже тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне және меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.»;
  келесі мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
  «3-1. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
  1) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын, осы Ережеде белгіленген тәртіппен берілген құжат;
  2) бас аудитор – басқару жүйесінің аудитіне басшылықты жүзеге асыратын және аудиттің жүргізілуі үшін жауапты уәкілетті органның өкілі;
  3) аудит жөніндегі топ – басқару жүйесінің аудитін жүргізетін екі және одан көп аудиторлар;  
  4) аудитор – уәкілетті орган басқару жүйесінің аудитін жүргізу құқығын берген тұлға;
  5) аудит жөніндегі топтың басшысы – уәкілетті органның тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының құрылымдық бөлімшелеріндегі қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитті басшылықты жүзеге асыратын және аудитті жүргізу үшін жауапты өкілі;  
  6) ұсыным – қауіпсіздікті басқару жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған аудиторлардың ұсынысы;
  7) сәйкессіздік – теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптардың орындалмауы немесе тиісінше қажетті денгейде орындалмауы;
  8) сәйкессіздіктер тізілімі – аудит жүргізу барысында айқындалған сәйкессіздіктер тізбесі.»;
  4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
  «4. Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері және меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалар өз құзыреті шеңберінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін (қозғалыс қауіпсіздігін) қамтамасыз етеді және Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап тартады.
  Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының Қозғалыс қауіпсіздігі қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу арқылы, сонымен қатар кешенді және техникалық шараларды қарастыратын:
  1) кадрларды сан нормативтері мен біліктілік талаптарына сәйкес жасақтау мен орналастыруды;
  2) поездар қозғалысымен байланысты қызметке үміткерлерді кәсіби іріктеуді;  
  3) еңбек тәртібін және технологиялық тәртіпті нығайтуды;  
  4) поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерді мерзімді медициналық тексеруден өткізуді, сондай-ақ локомотив бригадалары мен поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлердің денсаулығын рейс алдында бақылауды;  
  5) жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптері қызметкерлерінің кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы жағдайлардағы іс-әрекеттердің іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруді;
  6) поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелерді және лауазымдық нұсқаулықтарды білуіне мерзімдік тексеру тексеру жүргізуді;
  7) «Қозғалыс қауіпсіздігі күні» тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізуді;
  8) теміржол вокзалдарында перронға шығу үшін өткізу режимін енгізуді;  
  9) жолдарды, жасанды құрылыстарды, жылжымалы құрамды, сигнал беру және байланыс, элетрмен жабдықтау құрылғыларын, теміржол өткелдерін, жабдықтарды, тетіктерді және көліктің басқа да техникалық құралдарын жөндеу және күтіп ұстау сапасын арттыру жөніндегі ұдайы жұмысты жүзеге асыруды;
  10) дефектоскопия құралдары мен диагностика жүйелерін жарамды жағдайда ұстауды және тиімді пайдалануды;  
  11) анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданумен, қауіпсіздікті бақылау құрылғыларының, аспаптарының жай-күйін және олардың қолданылуын тексерудің бекітілген график бойынша жүзеге асыруды;  
  12) техникалық құралдардың істен шығу алдындағы диагностикасы мен мониторингі кіретін, соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және «адами фактордың» рөлін төмендетуге бағытталған жаңа қауіпсіздік құрылғыларын, аспаптары мен жүйелерін енгізу жөнінде ұдайы жұмыс жүргізуді;
  13) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздестіруді және енгізуді;  
  14) авариясыз жұмыс тәжірибесін жинақтауды және таратуды;  
  15) жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық түзу құрал-саймандармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін;
  16) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды;
  17) теміржол көлігі ұйымдарының авариясыз жұмыс істеуі жағдайларын жасауды;
  18) билетсіз жолаушылардың, жолаушы поездарында ресімделмеген багаж мен жүк-багаждың тасымалдануына жол бермеу жөніндегі шараларды, көздейтін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
  5. Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері және меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
  адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды;  
  жүктер, багаж және жүк-багаж тасымалының қауіпсіздігін;
  темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін;  
  уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес олардың қарауындағы темір жол көлігі объектілерін күзетуді;  
  экологиялық қауіпсіздікті;
  өртке қарсы қауіпсіздікті;
   санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.»;
  8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
  «8. Қауіпті жүктер өндіруді, тиеуді, түсіруді, сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші ұйымдары олардың тасымалдану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, авариялық жағдайлар мен олардың салдарын жою үшін қажетті құралдары және ұтқыр бөлімшелері болады.
  Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар оқиға болған жерге көрсетілген ұтқыр бөлімшелердің дереу жіберілуін қамтамасыз етуі тиіс.»;