• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 30.08.2015 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2014 жылғы 12 наурыздағы № 103 бұйрығына 2-қосымша

«Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға  байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Аталған «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі» туралы № 92 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - станарт) негізінде көрсетіледі.
2. Қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында  көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында қаралған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет берушінің тәртібінің (іс-қимылын) бастауының негізі қызмет алушының жүгінуі болып сараптама ұйымына қағаз түрінде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді (бұдан әрі - өтінім) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесіне кіретін тәртіптер (іс-қимылдар):
1) өтінімді сараптамалық ұйымның кеңсесі қызметкерінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «ҰЗМИ» ААЖ) тіркеуі;
2) өтінімнің сараптама ұйымының жетекшісімен қаралуы;
3) өтінімнің сараптамалық ұйымының келісім-шарттарды сараптау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерімен қаралуы;