• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 30.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2014 жылғы 12 наурыздағы № 103 бұйрығына 10-қосымша

«Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Аталған «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі» туралы № 92 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - станарт) негізінде көрсетіледі.
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, Селекциялардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген селекциялық жетістікке патент не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және селекциялық жетістікке патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды түрдегі дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында қаралған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет берушінің тәртібінің (іс-қимылын) бастауының негізі қызмет алушының жүгінуі болып табылады:
1) сараптама ұйымына қағаз түрінде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді (бұдан әрі - өтінім) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса;
2) портал арқылы- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса;
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесіне кіретін тәртіптер (іс-қимылдар):
1) өтінімді сараптамалық ұйымның кеңсесі қызметкерінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «ҰЗМИ» ААЖ) тіркеуі;
2) өтінімнің сараптама ұйымының жетекшісімен қаралуы;
3) өтінімнің сараптамалық ұйымының өнертабыс, пайдалы модель және селекциялық жетістіктерді тіркеу және алдын-ала сараптама жасау басқармасы қызметкерімен қаралуы;
4) сараптама қорытындысын мемлекеттік қызмет беруші қызметкерімен қаралуы;
5) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы селлекциялық жетіске патентіке кабилеттілегин сынауды жіргізу;
6) сараптамалық ұйымның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мәлімет енгізіп, ресми бюллетеньде жариялау мен қорғау құжатын беруге дайындау;
7) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға жолдау.
«Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу сызбасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) қарым-қатынасы тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерірінің) тізбесі:
1) сараптама ұйымының кеңсесі;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктерді тіркеу мен алдын-ала сараптама жасау басқармасы;
3) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік комиссиясы;
4) мемлекеттік тіркеу және жарияланымдар басқармасы;
5) қызмет берушінің кеңсесі;
6) қызмет берушінің қызметкері;
2. Қызмет беруші қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы тәртітің (іс-қимылдың) сабақтастығын сипаттау:
Сараптама ұйымы кеңсесінің қызметкері қызмет алушыдан құжаттарды қабылдап, оған өтінімді құжаттарды рәсімдеу үшін қабылдаған сараптама ұйымы кеңсесінің қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінімнің қабылданған мерзімі мен уақыты, нөмірі көрсетілген көшірмесін береді және жұмыс күні барысында қабылданған құжаттарды сараптама ұйымының басшылығына береді;
Сараптама ұйымының басшылығы селекциялық жетістікке патент беру туралы өтінімді қарап, құрылымдық бөлімше өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктерді тіркеу мен алдын-ала сараптама жасау басқармасына орындау үшін бөледі;
Алдын-ала сараптама жасау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған құжаттар болуы мен оларға қойылған талаптар орындалуы тексеріледі және өтінімді беру мерзімі анықталады, селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексереді.
Егер өтінім осы құжаттарға талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама ұйымы бұл туралы қызмет алушыға хабарлап, хабарланған күннен бастап үш ай ішінде жетіспейтін және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуды ұсынады. Қызмет алушы сұратылған және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өтінім берілмеген болып саналады, бұл туралы қызмет алушыға сәйкес хабарлама жолданады.
Алдын-ала сараптама аяқталған соң қызмет алушыға оның нәтижесі хабарланады және өтінім әрі қарай қарау үшін жолданады.
Сараптама ұйымы қорытынды шығарған соң бес жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру өтінімің әрі қарай жалғастыру шешімін немесе бас тарту туралы қорытындыны қызмет берушіге жолдайды.
Қызмет беруші сараптама ұйымынан сараптама қорытындысы түскен күннен он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік комиссиясына жіберу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және ары қарай қызмет алушыға жолдау үшін сараптама ұйымына жолдайды.
Мемлекеттік тізілім және жарияланымдар басқармасы қызмет берушінің шешімі негізінде бюллетеньде мәлімет жариялайды.
Сорт, тұқым патент қабілеті талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік комиссия сорттың, тұқымның ресми сипаттамасын жасайды, соның негізінде уәкілетті орган патент беру туралы шешім қабылдайды.
Егер сараптама жүргізілген кезде сорттың, тұқымның патент қабілеті талаптарына сай келмейтіндігі анықталса, уәкілетті орган мемлекеттік комиссияның қорытындысы негізінде патент беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы өтініш берушіге бір ай мерзімде жазбаша түрде хабарлама жібереді.
Мемлекеттік комиссияның сараптама қорытындысы түскен соң сараптама ұйымы бес күн ішінде сараптама қорытындысын мемлекеттік қызмет берушіге жолдайды.
Қызмет беруші сараптама ұйымынан сараптама қорытындысы түскен күннен он бес жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және ары қарай қызмет алушыға жолдау үшін сараптама ұйымына жолдайды.
Сараптамалық ұйымның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мәлімет енгізіп, ресми бюллетеньде жариялау мен қорғау құжатын беруге дайындау;
Сараптама ұйымы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе бас тарту туралы дәлелденген хатты қызмет алушыға қолма-қол немесе пошта қызметі арқылы бере алады.
Құрылымдық бөлімшелердің қызметтік өзара қарым-қатынасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен басқа да қазмет берушілермен қарым-қатынас тәртібін сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі
1. Қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа да қызмет берушілермен қарым-өзара қатыснаста болмайды.
2. Портал арқылы мелмекеттік көрсетілетін қызмет барысында үндеу тартібі мен қызмет алушы мен қызмет берушінің тәртібі (іс-қимылдары) сабақтастығының сипаталуы диаграмма түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуде қатысатын ақпараттық жүйелердің өзара қызметтік қарым-қатынасы ретінде осы регламенттің 4-қосымшасында баған түрінде келтірілген.
Қызмет алушы «электронды үкімет» порталы арқылы өтініш береді, бұл сұрау «ҰЗМИ» ААЖ-не түседі және қарау үшін сараптама ұйымына жіберіледі.