• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» бойынша мемлекеттік қызметтің регламенті
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына 2-қосымша

  • 1
«Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» бойынша мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) сәйкес көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттың бет жағындағы тіркеу мөрі немесе мемлекеттік қызметті көрсетпеу туралы негізделген қағаз жүзіндегі жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға қағаз жүзіндегі қызмет көрсетушіге қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініші негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен күні өтініш кеңсемен Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде тіркеледі;
2) өтінішті тіркеу күні қызмет көрсетушінің басқарушысымен жауапты орындаушыны таңдау;