• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның облыстық аумақтық инспекцияларының ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның облыстық аумақтық инспекцияларының ережесін бекіту туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тиісті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізімі, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты іске асыру жөніндегі барлық қажетті шаралар қолдансын.
Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізімі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;  
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
9. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
10. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
11. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
12. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
13. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
14. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы «__»_________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тиісті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
   1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ___________ облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Инспекция) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орман және балық шаруашылығы, жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқару, бақылау және қадағалау функцияларын орындауға уәкілетті аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Инспекция өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Инспекция Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауы жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Инспекция өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, Инспекцияның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Инспекцияның құрылымы және штат санын Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жалпы саны шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрімен келісім бойынша бекітеді.  
 ___________  (пошталық мекен жайы мен орналасқан жері)    ________________
 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің _________ облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
 10. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетi _______ облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияны ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәселесінде Инспекцияның кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
Инспекцияға заңнамалық актілер оған табыс әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берген жағдайда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.