• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына 1-қосымша

«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 2) тармақшасына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына > (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - зейнетақы төлемдері) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) арқылы;
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:  
уәкілетті ұйымда - зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы хабарлама;
порталда - уәкілетті ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
1-тармақша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
уәкілетті ұйымның филиалынан электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым жіберген қателер анықталған жағдайда - жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде - жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда, ЭЦҚ арқылы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады;
2) зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);  
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым жіберген қателер анықталған жағдайда - жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйексіздігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде - жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасын куәландырады және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады.
3) зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым жіберген қателер анықталған жағдайда - жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйексіздігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде - жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді.
электрондық іс макетінің қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкестігі жағдайында зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.
Тағайындау туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлемге жіберу мемлекеттік қызмет көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
Регламент 7-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);