• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына 5-қосымша

«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекiтiлген «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – әлеуметтік төлем тағайындау.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған жағдайда – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
Шешім жобасына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметі беруші пысықтау үшін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
2) әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) екі жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған жағдайда – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда ЭЦҚ арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасын куәландырады;
әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің бастығына (басшысына) жібереді.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) бастығының (басшысының) ЭЦҚ-сымен куәландырылған, әлеуметтік төлем тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған жағдайда – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
әлеуметтік төлемді тағайындау туралы автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі;
Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлемге жіберу мемлекеттік қызметті көрсетудің осы кезеңіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;