• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына 6-қосымша

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 217 «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау рәсімін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.  
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттараға қоса берілген көрсетілетін қызметі алушыларының өтінші негіздеме болып табылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы бір жұмыс күні ішінде:
1-тармақша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда - жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйексіздігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде - жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Қызмет беруші бөлімінің маманы ЭЦҚ-мен куәландырылған жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі.
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда - жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйексіздігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде - жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макетінің қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы электрондық іс жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Қызмет беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) ЭЦҚ -мен куәландырылған жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда - жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйексіздігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде - жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макетінің қолданыстағы заңнама нормаларына толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Автоматты тәртіптемеде төлеуге арналған шешімді тағайындау және жолдау туралы шешімді қабылдау осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
7-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:  
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы тармағында және 1-қосымшаға сәйкес блог-схемада көрсетілген.
9-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.