Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 165 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 27.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің – mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің ХҚТ ТП ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу, электронды жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу болып табылады.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу үшін Орталыққа келу қажеттілігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне: ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі - КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері қатысады – көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар қабылдау, өтінімді тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу, электронды тасымалдағышы бар жеке куәліктерге көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу және қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қатысады – көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар қабылдау және тұрғын үй иесiнiң жеке куәлігі және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмiн ресімдеу;
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы азаматының тұрақты тіркеу орны немесе уақытша келген орны бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
электрондық жеткізгіші бар жеке куәлігі бар болғанда –www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.