Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 165 бұйрығына
5-қосымша
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 27.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері, Министрліктің – mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Әділет министрліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары қойылған электрондық түрдегі мекенжай анықтамасын беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі - КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері қатысады – көрсетілетін қызметті алушының мекенжай мәліметтерін олар сәйкес келмегенін анықтау кезінде түзету және қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қатысады – құжаттарды қабылдау, Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Әділет министрліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары қойылған мекенжай анықтамаларын беру немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту.
6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын арқылы;
www.е. egov.kz «электрондық үкімет» веб порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) жүзеге асырылады.
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау ХҚТ ТП-нің жұмыс орындарындағы Орталықтарда жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – mvd.gov.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, Орталықтың – www.con.gov.kz, Порталдың – www.egov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталықтарда орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.