• Мое избранное
«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидасы бекітілсін.
Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «____» ________
№________ қаулысына
1-қосымша
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңын а сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеу тәртібін айқындайды.  
2. Спорт федерацияларын аккредиттеу – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту бойынша спорт федерацияларының заңдылығын тану рәсімі.  
3. Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
5. Спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрi (түрлері) бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азиялық олимпиада кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
6. Ұлттық спорт түрi (түрлері) бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
7. Спорт түрінен (түрлерінен) республикалық спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында қоғамдық бірлестік немесе қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі түріндегі мүшелері болуы тиіс.
8. Спорт түрінен (түрлерінен) өңірлік спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында қоғамдық бірлестік немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі түріндегі мүшелері болуы тиіс.  
9. Спорт түрінен (түрлерінен) жергілікті спорттық федерациялар аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерацияларының мүшесі болуып табылуы тиіс.  
10. Қазақстан Республикасы облыстарының кемінде жартысының аумағында дамыту жүзеге асырылатын, аккредиттеу тәртібімен белгіленген спорт түрінің ерекшеліктеріне байланысты өңірлік спорт федерациясы республикалық спорт федерациясының мәртебесін иеленеді.
11. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) бұдан әрі дамыту мақсатында өңірлік спорт федерациясы республикалық аккредиттеу дәрежесінде көп дегенде бір рет әрекет ету мерзіміне аккредиттеледі. Аккредиттеудің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өңірлік спорт федерациясы республикалық спорт федерациясының талаптарына сай болуы тиіс.  
12. Аккредиттеудің қолданылу мерзімі 4 жылды құрайды.
13. Спорт түрінен (түрлерінен) аккредиттеудің қолданылу мерзімі аяқталған спорт федерациялары қайта аккредиттеуге жатады.
Аккредиттеуді өткізу тәртібі
14. Аккредиттеуден өту үшін республикалық және өңірлік спорт федерациялары уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;  
3) басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
4) республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы мүшесі болып табылатын ұйымдар тізбесі;
5) республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында орналасқан (өңірлік федерациялар үшін бес облыстан кем емес) жергілікті спорт федерацияларының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлігінің көшірмелері;  
6) Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде аудармасы бар құжаттың көшірмесі;
7) республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі;
8) төрт жылдық кезеңге спорт түрін дамыту бойынша ағымдағы жай –күйді талдауды және жоспарланған іс-шараларды қамтитын спорт түрін дамыту бағдарламасы;
9) аккредиттеуді өткенге дейінгі бір жыл ішінде республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы өткізіген республикалық спорттық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
10) дамып жатқан спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық жарыстарды өткізу қағидалары;
15. Аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорттық федерациялары алты ай ішінде мүшесі болып табылатын жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы құжаттың көшірмелерін ұсынуы тиіс.
16. Аккредиттеуден өту үшін жергілікті спорт федерациялары жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
4) жергілікті спорт федерациясының республикалық немесе өңірлік спорт федерациясына мүшелігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;  
5) дамып жатқан спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық жарыстарды өткізу қағидалары;
6) төрт жылдық кезеңге спорт түрін дамыту бойынша ағымдағы жай-күйді талдауды және жоспарланған іс-шараларды қамтитын спорт түрін дамыту бағдарламасы;
7) аккредиттеуді өткенге дейінгі бір жыл ішінде жергілікті спорт федерациясы өткізген жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
8) уәкілетті органмен аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясына мүшелігін растайтын осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама.
17. Уәкiлеттi және жергілікті атқарушы органның құжаттарды қарау, спорт федерациясын аккредиттеу немесе бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауы тиiс.
18. Материалдарды қарау үшін кемінде жеті адамнан тұратын Комиссия құрылады. Республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялырының аккредиттеу құжаттарын қарау бойынша Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысымен бекітіледі. Жергілікті спорт федерациялырының аккредиттеу құжаттарын қарау бойынша Комиссия құрамы жергілікті атқрарушы органдардың бірінші басшысымен бекітіледі.  
Комиссия келесі құрамда құрылады: комиссия төрағасы, төраға орынбасары, комиссия мүшелері, комиссия хатшысы.
Комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төраға болады, оның жұмысын ұйымдастырады, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылданатын шешімдері үшін жауапты болады. Комиссияның құрамына уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері енгізіледі.
Комиссия құрамы уәкілетті және жергілікті атқарушы огандармен бекітіледі.
19. Комиссия: 
1) спорт федерациясын аккредиттеу; 
2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Комиссия отырысы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3-ci болған жағдайда өткiзiледi.
21. Комиссия ашық дауыс беру арқылы (әдеттегi комиссия мүшелерінің көпшiлiк дауысымен) бiрлестiктi аккредиттеу, аккредиттеуден бас тарту, аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім қабылдайды. Комиссия хатшысының дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
22. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Комиссия отырысының хаттамалары комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысымен жүргізіледі.
23. Спорт федерациясын аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті және жергілікті атқарушы огандар бұйрық негізінде осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік береді.
24. Уәкілетті және жергілікті атқарушы огандар берілген аккредиттеу туралы куәліктерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
25. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда, спорт федерациясы он бес күннің ішінде аккредиттеу туралы куәлік берген уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті және аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтініш беруі тиіс.
Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, Спорт федерациясы он бес күннің ішінде аккредиттеу туралы куәлік берген уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті және аккредиттеу туралы куәлiктi қайта рәсімдеу туралы өтініш беруі тиіс.
26. Аккредиттеуден өткен спорт федерациясының басқарушы органының жеке құрамы өзгерген, оның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген спорт федерациясының міндеттерін орындауды растау туралы сұрау келіп түскен жағдайда аккредиттелген спорт федерациясы күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органға тиісті мәліметтерді жолдайды.  
27. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органдарға аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтiнiш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.
Қайта рәсімделген аккредиттеу туралы куәлікті беру уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органдарға аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу туралы өтiнiш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.
28. Аккредиттеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) осы Қағиданың 14, 16-тармақтарына сәйкес талап етілген барлық құжаттарды ұсынбау;  
2) куәлік алу үшін спорт федерациясы ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмалаған ақпараттың болуы;  
3) спорт федерациясының Қазақстан Республикасының заңнамасында аккредиттелген спорт федерацияларына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;  
4) келесі аккредиттеу кезінде бұрынғы мерзімде спорт түрін (түрлерін) дамыту бағдарламасын орындамауы;  
5) аккредиттеуді қайтарып алуға негіз болған бұзушылықтарды спорт федерациясының жоймауы (бұған дейін аккредиттеу қайтарып алынған спорт федерациясы аккредиттеу туралы өтініш берген жағдайда);  
6) аккредиттеу туралы өтініш берген спорт федерациясы сияқты спорт түрін (түрлерін) дамытуды жүзеге асыратын аккредиттелген спорт федерациясының болуы.  
Аккредиттеудің әрекет ету мерзімін тоқта тұру және тоқтату, аккредиттеуді қайтарып алу  
29. Спорт федерацияларын аккредиттеудің қолданылуы келесі жағдайларда тоқтатыла тұрады:  
1) аккредиттелген спорт федерациясы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаса;  
2) осы Қағиданың 26-тармағының талаптары орындалмаса;  
3) осы Қағидаға сәйкес әзірленген спорт түрін дамыту бағдарламасында қарастырылған іс-шаралар орындалмаса;  
4) спорт қызметі мен тиісті спорт түрін дамыту саласындағы халықаралық нормалар және қағидалар сақталмаса;  
5) аккредиттелген спорт федерациясы ұйымдастырушысы болып табылатын спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптар сақталмаса;  
6) спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық немесе жергілікті күнтізбелік жоспарын іске асыруға қатыспаса;  
7) спорт түрі (түрлері) бойынша республикалық немесе жергілікті деңгейдегі құрама командалардың даярлығын қамтамасыз етпесе;  
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорт федерациясының қызметі уақытша тоқтатылса;  
9) аккредиттелген спорт федерациясына «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына спорт федерациясының сай еместігі анықталса.
30. Аккредиттеуді тоқтата тұру Комиссия хаттамасымен ресімделеді.  
31. Аккредиттеуді тоқтата тұру туралы комиссия хаттамасында тоқтата тұруға негіз болған жағдайларды жою үшін мерзім белгіленеді.  
32. Тоқтата тұру мерзімі осындай шешім қабылданған сәттен бастап алты айдан аспауы тиіс.  
33. Аккредиттеуді тоқтата тұру оның қолдану мерзімін ұзартпайды.  
34. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды уақытылы жойған жағдайда оның әрекет етуі Комиссия хаттамасының негізінде жаңартылады.  
35. Аккредиттеудің қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:  
1) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде аккредиттеуді уақытша тоқтатуға негіз болған жағдайлар жойылмаса;  
2) аккредиттелген спорт федерациясы бір жыл ішінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, аккредиттелген федерацияларға қойылатын талаптарын екі реттен артық орындамаса;  
3) осы Қағиданың 14,16 және 26-тармақтарына сәйкес жалған ақпарат табылса;  
4) спорт федерациясы қайта құрылса (біріктірілсе, қосылса, бөлінсе, бөліп алынса, қайта құрылса) немесе таратылса;  
5) спорт федерациясы өз еркімен аккредиттеуден бас тартса;  
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аккредиттелген спорт федерацияларына қойылатын талаптардың орындалғанын растау үшін аккредиттеу бойынша тиісті уәкілетті органның сұрау салуына жалған немесе бұрмаланған ақпарат ұсынылса.  
36. Аккредиттеуді тоқтату Комиссия хаттамасымен ресімделеді.  
37. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган осы Қағидаға сәйкес Комиссия тиісті шешім қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеуді тоқтата тұрғаны, қайта жаңартқаны, тоқтатқаны туралы спорт федерациясына жазбаша хабарлама жібереді.  
38. Аккредиттеуді тоқтата тұрған немесе тоқтатқан жағдайда спорт федерациясы аккредиттелген федерация мәртебесінен айырылады.
4. Қорытынды ережелер
39. Спорт федерациясын аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.  
40. Жергілікті атқарушы орган аккредиттеу туралы куәлік берілген сәттен бастап, күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы туралы мәліметтерді жолдайды.
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кiмге ____________________________________
__________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
__________________________________________
 уәкiлеттi және (немесе) жергілікті атқарушы орган
_______________________________________
 басшысының лауазымы,  
 ____________________________________
 тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))  
 Кiмнен ___________________________________
 (Спорт федерациясы     
 __________________________________________
 басшысының немесе өкiлiнiң тегі, аты,  
 __________________________________________
 әкесінің аты (бар болса))        
 __________________________________________
 (мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)
Спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік немес жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлік беруге ӨТIНIШ
         Сiзден ________________________________________________________
                             (спорт федерациясының атауы
____________________________________________________________________
аккредиттеу өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк берудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      6) ____________________________________________________________
  7) ____________________________________________________________
  8)_____________________________________________________________
  9)_____________________________________________________________
  10)____________________________________________________________
  М.О. ___________        _____________________________________
       (қолы)                   (тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
  20__ ж. «___» ___________________________________
  Өтiнiштiң түскен күнi 20__ ж. «___» _____________
Тiркеу нөмiрi ___________________________________
  _______________________________________________________________
    (жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Елтаңба
Спорт федерацияларын аккредиттeу туралы КУӘЛIК
Спорт федерациясының атауы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Заңды мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті немесе жергілікті  
атқарушы органның атауы)
________________________________________________________________
          (тиісті республикалық, өңірлік немесе жергілікті спорт федерациясы)
  ________________________________________________________________
   тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ________________________________________________________________
спорт түрін (түрлерін)
дамыту бойынша мәртебесiн, құқықтары мен өкiлеттiктерiн растайды.
  (20__ жылғы «___» __________ № ___________ бұйрық)
Куәлiк 20___жылғы «____» __________________ дейiн қолданылады.
Берiлген күнi:
Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
нысан
 >______________________________
(спорт және дене шынықтыру саласындағы жергілікті атқарушы органның атауы)
Жергілікті спорт федерациясының Респуликалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясында мүшелігін растайтындығы туралы ХАБАРЛАМА
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы ___ ________ № _____ қаулысымен бекітілген «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларының» 16-тармағы 8-тармақшасына сәйкес  
  __________________________________________________________________
 республикалық немес өңірлік спорттық федерацияның атауы __________________________________________________________________
заңды мекенжайы
________________________________________________________________
          (жергілікті спорттық федерацияның атауы) ________________________________________________________________
 (жергілікті спорттық федерация басшысының аты жөні) _____________________________________________________________
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мүшесі болып табылатындығын растайды.
жергілікті спорт федерациясының
  байланыс және мекенжайы ____________________________________________
  ___________________________ ___________
  республикалық немесе өңірлік спорт қолы, мөрі берілген күні федерациясы басшысының аты жөні   
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «____» ________
№________ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі  
1. «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003ж., № 48, 537-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 қаулысының 2-тармағы (“Егемен Қазақстан” 2011 жылғы 9 қарашадағы № 533-534 (26926)).
3. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысының 2-тармағы 2-тармақшасы («Казахстанская правда» от 01.05.2014 г., № 84 (27705); «Егемен Қазақстан» 01.05.2014 ж. № 85 (28309); САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 8 ст.78.).
«Спорттық федерацияларды аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с№



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган орган

Қазақстан Республикасы М әдениет және спорт министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының

6-бабының 2) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаның мақсаты спорттық федерацияларды аккредиттеу тәртібін айқындау болып табылады.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және\немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер

Жоқ.



7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10.*

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

www.sport.gov.kz сайтында орналастырылған.

Қаулының жобасы – 17 189 байт.

Түсіндірме жазба – 55 808 байт.

12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасының баспасөз-релизін (баспасөз -релизінің атауы, жарияланған күні) мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта) орналастыру туралы ақпарат

Баспасөз -релизі 2014 жылғы __ _______ www.sport.gov.kz сайтында орналастырылған.

* Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы 
№ 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
 «___» __________ 2014 жыл