• Мое избранное
«Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн. 
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуге өткізуге және аккредиттеу туралы куәлікті беруге арналған өтініштің нысанын және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қарашада № 7349 тіркелді;
2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен бекітілген Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларының 7-бөлімі «Қазақстан Республикасындағы спорт түрлері тізілімін қалыптастыру», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 қаңтарда № 8286 тіркелді («Казахстанская Правда» от 21.08.2013 г. № 256 (27530); «Егемен Қазақстан» 21.08.2013 ж. № 194 (28133)).
3. Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.  
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы «__» _______№ ______
бұйрығымен бекітілген
Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары
Жалпы ережелер  
Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлері тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерін, спорт пәндерін танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.
2. Спорт түрлерінің тізілімі (бұдан әрі - Тізілім) дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациялардың ұсынған мәліметтерінің негізінде қалыптастырылады.  
3. Тануға және спорт түрлері тізіліміне енгізуге ұсынылған спорт түрлері, спорт пәндерін дене шынықтыру мен спорттың мақсаттарына сай болуы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.  
4. Спорт түрінің ерекше белгілерінің, спорттық жарыстарды өткізудің қағидалары мен тұрақтылығына жататын спорт пәнінің, жаттығу ортасының, пайдаланатын спорттық керек-жарақтары (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) мен жабдықтардың болуы спорт түрін, спорт пәнін танудың негізі болып табылады.  
5. Өтінім берілетін спорт түрінің, спорт пәнінің атауы Қазақстан Республикасында бұрыннан танылған спорт түрлерінің, спорт пәндерінің атауынан өзгеше және осы Қағиданың талаптарына сай болуы қажет.
6. Егер өтінім берілген спорт түрі, спорт пәні бойынша жарыстар спорттық болып табылмаса (адам қатыспаса және жарысушылық болмаса), онда бұл спорт түрі, спорт пәні спорт түрі, спорт пәні ретінде танылмайды.  
Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру тәртібі
7. Спорт түрін, спорт пәнін тануды мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту болып табылатын аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациялардың өтінішінің негізінде спорт және дене шынықтыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.  
Өтініш еркін түрде жазылады.
8. Спорт түрін, спорт пәнін тану туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасында және әлемде дамуы, өтiнiш берiлген спорт түрiнiң, спорт пәнінің қысқаша мазмұндағы сипаттама, қашан және қай жерден бастау алды, халықаралық спорт федерациялары бар ма, өткiзiлген жарыстардың саны, айналысатындардың ауқымы, даму перспективалары туралы ақпараттар берілуі қажет;
2) өтінім берілген спорт түрін, спорт пәнін оқытудың әдістемесі мен бағдарламасы;  
3) спорт түрінің, пәнінің спорттық жарыс барысында түсірілген, жарыс процесін көрсететін бейне (фото) материалдар;
4) өтінім берілген спорт түрінің, спорт пәнінің жарыс қағидасының жобасы.  
9. Спорт түрiн, спорт пәнін танудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға негiздеме болып табылады:
1) спорттық жарыстарды тұрақты жүргізу және жарысты өткізу қағидасына жататын, спорт түрінің, спорт пәнінің ерекше белгілерінің, жаттығу ортасының, пайдаланатын спорттық керек-жарақтары (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) мен жабдықтарының болмауы;
2) спорт түрінің, спорт пәнінің дене шынықтыру мен спорттың мақсаттарына сай болмауы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпеуі;
3) егер өтініш берілетін спорт түрінің, спорт пәнінің атауы бұрыннан танылған спорт түрлерінің, спорт пәнінің атауынан өзгеше болмаса:
4) егер өтінім берілген спорт түрі, спорт пәні бойынша жарыстар спорттық болмаса (адам қатыспаса және жарысушылық болмаса);
5) егер өтінім берілген спорт түрінің, спорт пәнінің танылған спорт түрі, спорт пәні қағидасының мазмұнынан, жаттығу ортасынан, пайдаланылатын керек-жарақтар мен жабдықтардан елеулі өзгешеліктері болмаса;
6) өтінім берілген спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияларының болмауы.
10. Спорт түрін, спорт пәнін тану және Тізілімге енгізу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап, отыз күнтiзбелiк жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органмен қаралады.  
Спорт түрлерінің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
11. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациялардың ұсынған өтініштерінің негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.  
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу мына жағдайларда жүзеге асырылады:
спорт түрінің, спорт пәнінің атауы өзгертілсе;  
спорт түрінің қағидасы немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелері өзгертілсе;  
спорт түрлері, спорт пәндері біріктірілсе;  
спорт түрлері, спорт пәндері бөлінсе;  
спорт түрлері, спорт пәндері алынып тасталса.
12. Уәкілетті орган спорт түрін, спорт пәнін Тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқарушы органдарға, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өзі шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
13. Спорт түрін, спорт пәнін Тiзiлiмнен алып тастау үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
1) егер өтінім берілген және (немесе) дамытылатын спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары қайта аккредиттеуден өтпесе;  
2) өтінім иесі ұсынған құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпараттар болса;
3) спорт түрі Қазақстан Республикасының жартысынан аз өңірлерінде дамығанынан тыс, осы спорт түрін, спорт пәнін табиғи-климаттық жағдайларға, шұғылданудың күрделiлiгiне және өзге ерекшелiктерiне байланысты Қазақстан Республикасының жартысынан көп өңірлерінде дамыту мүмкін болмағанда.
Тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап, отыз күнтiзбелiк жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органмен қаралады.  
«Спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Респбликасы Мәдениет және спорт министрініңанықтама негіздеме
 

р/с№



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының

7-бабының 37) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаның мақсаты спорт түрлерін, спорт пәндерін танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындау болып табылады

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және\немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер

Жоқ.



7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10.*

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

www.sport.gov.kz сайтында орналастырылған.



12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасының баспасөз-релизін (баспасөз -релизінің атауы, жарияланған күні) мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта) орналастыру туралы ақпарат

Баспасөз -релизі 2014 жылғы __ _______ www.sport.gov.kz сайтында орналастырылған.

* Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы 
№ 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
 «___» __________ 2014 жыл