• Мое избранное
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін.  
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Жылғы №
Қаулысымен бекітілген
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының өңірлерінде конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.  
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастырушысы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты номинацияларда үздік қызметкерлерді анықтау және олардың рекордтық жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде еңбек сапасы мен өнімлілігін арттыру мотивациясы болып табылады.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбекті ұйымдастырудың озық тәжірибесін енгізетін, Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеннің шаруа (қожалықтарында) және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтін астық өндірісіндегі агрономдар, ветеринария дәрігерлері, зоотехниктер, машинамен сауу операторлары, астық жинау комбайншылары қатысады.
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4. Жергілікті атқарушы органдар Конкурстың өткізу мерзімдері мен шарттары туралы интернет-ресурстарында және ресми баспа басылымдарында хабарландыру орналастырады.
5. Конкурс жыл сайын қараша айында 2 кезеңде өтеді.
6. Конкурстың бірінші кезеңін ауылдық округтердің, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері өткізеді.  
7. Конкурсқа қатысу үшін 1 қарашаға дейінгі мерзімде ауылдық округтің әкімдігіне:
1) конкурсқа қатысу үшін еркін нысанда өтініш;
2) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының толтырылған карточкаларын;  
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге көшірмесі (агрономдар, зоотехниктер, ветеринария дәрігерлері үшін), тракторист – машинистің куәлігі (комбайншылар үшін), машинамен сауу оператор курсын өту туралы куәлігі;  
5) берілу күнінде еңбек қызметінің жалғасуы туралы жазуымен, кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын өзге құжат;  
6) ауыл шаруашылығы құрылымының басшысы куәландырылған осы жедел есептілік негізінде конкурсқа қатысушының жеке көрсеткіштері және мәлімденген номинация бойынша оның өндірістік қызмет нәтижелері туралы анықтама ұсынады.
8. Көрсеткіштер мынадай талаптарға сәйкес болып табылады:
1) негізгі өндірістік көрсеткіште балдармен есептелгенде ең үлкен үлес салмақ болады;  
2) конкурсқа қатысушының өндірістік көрсеткіштерінде конкурсқа қатысудың алдыңғы күніне мал шаруашылығы үшін үш жыл, өсімдік шаруашылығы үшін бес жыл ішінде оң динамикасы болады.
9. Конкурсқа қатысушы тиісті мамандық бойынша олардың біліктілігін арттыруды, кәсіби міндеттерін орындауға байланысты маманның кәсіби сапасын сипаттайтын құжаттарды қосымша ұсына алады.
10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі :
1) саны жеті адамнан аспайтын конкурстық комиссия мүшелерін қалыптастырады: аудан әкімінің орынбасары, тиісті маслихат депутаттары, білікті сала мамандары, қоғам өкілдері, конкурстық комиссияның төрағасын айқындайды және оның отырысы өтетін күнді белгілейді.  
2) номинацияларда бірінші орын алған адамдарға осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша, конкурсқа қатысушылар толтырған карточкаларды куәландырады, қол қояды және мөр басады және облыс әкімдігіне қарашаның екінші онкүндігінен кешіктірмей жолдайды.  
11. Конкурстың екінші кезеңін (қарашаның үшінші онкүндігі) облыс әкімдігі жүргізеді, ол:
1) саны тоғыз адамнан аспайтын құрамда конкурстық комиссиясыны қалыптастырады және жұмысын ұйымдастырады: облыс әкімінің орынбасары, тиісті маслихат депутаттары, білікті сала мамандары, қоғам өкілдері, конкурстық комиссияның төрағасын айқындайды және оның отырысы өтетін күнді белгілейді.
2) жыл сайын 10 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін және осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5- қосымшаларда көрсетілген номинацияда бірінші орын алған адамның құжаттарын қоса бере отырып, өткізілген конкурс туралы қорытынды ақпаратты жолдайды.
3. Конкурстың қорытындысын шығару  
12. Конкурстық комиссиясы мүшелері Конкурс қатысушыларына номинацияларда қарастырылған шарттары бойынша осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес бес баллдық жүйемен баға қояды.
13. Жеңімпаз туралы шешім конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелері оған қол қойған хаттамамен ресімделеді. Дауыс тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.  
14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 11-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпаратты талдайды және Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін оны  www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырады.
  
 

2 . ЕҢБЕК ЖОЛЫ



Күні



Лауазымы , жұмыс орны, ұйымның орналасқан

жерi





қабылданған



босатылған













КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҚОСЫМША
ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
(талапттарға сәйкес номинацияның негізгі көрсеткіштері бойынша жедел есеп берудің 5 жыл ішіндегі деректері ұсынылады)  
 

р/с

Көрсеткіштің атауы

Өлшем

бірлігі

Көрсеткіштің мәні

2009

2010

2011

2012

2013

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Осы аудандағы орташа көрсеткішпен салыстырғандағы астық түсімділігі

%











2.

Жалпы алымдағы 1-3 сыныпты астықтың үлесі

%











3.

Ылғал қор жинаушы технологияларды қолдануы

%











4.

Минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдануы

әрекет ететін зат /га

килограмм











5.

Астық өндірудің тиiмдiлiгi

%











6.

Тәжірибелік жұмыс жүргізуі













7.

Еңбек өтілі



х

х

х

х



БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ ТУРАЛЫ
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
  (Лидерлік қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті, жауаптылық және орындаушылық, еңбек тәртібін, кәсіпорынның ішкі тәртібін сақтау, ынталылығы, тез тіл табысатындығы, Үкіметтік және ведомстволық марапаттаулардың бар болуы және конкурсқа қатысушыны сипаттайтын басқа да мәліметтер)