• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9657 тіркелді

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына, 37-бабының 2-тармағына, 38-бабының 3-тармағына, 39-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес, ұсынылған Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қағадалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық корғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту.
2.Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 326 бұйрығымен бекітілді
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары
1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы. 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 .жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге» сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мертабандарды және пломбирлерді беру тәртібін айқындайды.