• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 116 бұйрығының 6-қосымша

  • 1
«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.05.2015 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық форматта рәсімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының қағаз немесе электрондық сұраным тәсілімен көрсетілетін қызметті берушіге өтініштің болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты орындаушы) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тіркеу – өтініш түскен күні.
Өтініш қағаз тасығышта түскен жағдайда жауапты орындаушы барлық алаңдарды толтыра отырып өтінішті порталға тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы өтініш түскен күні; 
3) жауапты орындаушының өтінішке қоса берілген құжаттарды осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес екі жұмыс күн мерзімінде толықтығын қарау, құжаттар толық емес жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы жауабын дайындау;
4) жауапты орындаушы он бір жұмыс күн мерзімінде құжаттарды заңға сәйкес қарау;
5) жауапты орындаушы бір жұмыс күн мерзімінде лицензия дайындайды, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындау;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бір жұмыс күн мерзімінде лицензияға қол қоюы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауапқа қол қоюы.
6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш:
электрондық тәсілмен берілген жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында рәсімделеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің тізбесі:
1) шешім жобасын тіркейтін (сұранымды электрондық немесе қағаз тәсілмен берген жағдайда), қарайтын және дайындайтын жауапты орындаушы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып қызметкерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан портал/«Е-лицензиялау» веб-порталы мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) немесе қағаз тасығыш арқылы түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішті түскен күні тіркеу;
2) жауапты орындаушының өтінішке қоса берілген құжаттарды екі жұмыс күн мерзімінде толықтығын қарау, құжаттар толық емес жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы жауабын дайындау;
3) жауапты орындаушы он бір жұмыс күн мерзімінде құжаттарды заңға сәйкес қарау;
4) жауапты орындаушы бір жұмыс күн мерзімінде лицензия дайындайды, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындау;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бір жұмыс күн мерзімінде лицензияға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қоюы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде орталықпен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Орталыққа немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді;
Орталықта қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады.
Өтініштің қабылдануын растау осы Орталықтың немесе көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жоспарланатын беру күні бар көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін қолхат болып табылады.
2) Орталықта көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан көп емес;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Орталықтан көрсетілетін қызметті берушіге жөнелту мерзімі - құжаттарды қабылдағаннан кейін бірден;
4) көрсетілетін қызметті алушы (не сенім хат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін Орталыққа:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысымен бекітілген «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетілген бойынша өтініш;
салық органында есепке қою туралы құжаттың көшірмесі;
егер қызметтің лицензияланған түрі оған қатысты Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында лицензиялау енгізілген болса тауар айналымымен байланысты қызметтің мұндай түрін жүзеге асыруға арналған лицензия көшірмесі;