• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенция және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияны толықтыратын Хаттаманы (Пекин, 2010 жылғы 10 қыркүйек) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенция және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияны толықтыратын Хаттаманы (Пекин, 2010 жылғы 10 қыркүйек) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
«Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенция және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияны толықтыратын Хаттаманы (Пекин, 2010 жылғы 10 қыркүйек) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенция және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияны толықтыратын Хаттаманы (Пекин, 2010 жылғы 10 қыркүйек) ратификациялау туралы
Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенция және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияны толықтыратын Хаттаманы (Пекин, 2010 жылғы 10 қыркүйек) ратификациялансын.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢСЫЗ АКТІЛЕРМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ  
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢСЫЗ АКТІЛЕРМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ  
ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР авиацияға қарсы бағытталған заңсыз актілердің адамдар мен мүліктердің қауіпсіздігіне қауіп-қатер келтіретініне, әуе қатынасын, әуежайлардың және аэронавигация қызметін елеулі бұзатынына, және азаматтық авиацияның барлық мемлекеттер үшін қауіпсіз және ретті жұмыс істеуіне әлем халықтарының сенімін жоғалтатынына МЕЙЛІНШЕ АЛАҢДАЙ ОТЫРЫП, азаматтық авиацияға қарсы жаңа қауіп-қатер түрлерінің мемлекет тарапынан жаңа келісілген күш қолдану және ынтымақтастық саясатын орнатуды талап ететіндігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП, осындай қауіп-қатерлерге тиімдірек, қарсы іс-қимылдар үшін азаматтық авиацияға қарсы заңсыз актілерді болдырмау және олармен күресу жолында халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық шеңберлерін қауырт нығайту ҚАЖЕТ ДЕП СЕНЕ ОТЫРЫП, ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:
1. Кез келген тұлға қылмыс жасаған болып табылады, егер ол заңсыз және қасақана:
a) ұшып бара жатқан әуе кемесінің бортындағы адамға қатысты күш қолдану актісін жасаса, егер мұндай акт осы әуе кемесінің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірсе; немесе  
b) пайдаланудағы әуе кемесін сындырса немесе сол әуе кемесіне істен шығатындай не болмаса ұшу кезінде оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретіндей бүлдірсе; немесе
c) әуе кемесін сындыруы мүмкін немесе оны істен шығаратындай не болмаса ұшу кезіндегі қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретіндей бүлдіруі мүмкін қандай да бір құрылғыны немесе затты қандай да бір тәсілмен орнынан жылжытатын немесе пайдаланудағы әуе кемесіне қарай жылжытатын іс-қимылдар жасайтын болса; немесе
d) аэронавигациялық құралдарды сындырса немесе бүлдірсе не болмаса оны пайдалануға араласса, егер кез келген мұндай акт ұшып бара жатқан әуе кемесінің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретіндей болса; немесе  
e) ұшып бара жатқан әуе кемесінің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіріп, жалған мәліметтерді хабарлайтын болса; немесе
f) өлтіру, ауыр зақым келтіру не болмаса мүлікке немесе қоршаған ортаға едәуір залал келтіру мақсатында пайдаланудағы әуе кемесін пайдаланатын болса; немесе
g) кез келген БХЯ қаруын немесе жарылғыш, радиоактивті немесе осы сияқты заттардан өлімге апаруы немесе денені ауыр жарақаттауы немесе мүлікке не болмаса қоршаған ортаға едәуір залал келтіруі мүмкін тәсілмен пайдаланудағы әуе кемесінің бортын босатса не болмаса оларды лақтырса; немесе
h) әуе кемесіне қарсы пайдаланудағы немесе әуе кемесінің бортына кез келген БХЯ қаруын немесе жарылғыш, радиоактивті немесе осы сияқты заттарды өлімге апаруы немесе денені ауыр жарақаттауы немесе мүлікке не болмаса қоршаған ортаға едәуір залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін тәсілмен пайдаланатын болса; немесе  
i) төмендегілерді тасымалдауды, тасымалдауға апаратын іс-қимылдарды орындайтын немесе әуе кемесінің бортында тасымалдауға көмектесетін болса:
1) өлімге апаратынын немесе денені ауыр жарақаттайтынын немесе зақымдайтынын біле тұра халықты қорқыту немесе үкіметті не болмаса халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе оны жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында, ұлттық заңнамада көзделгендей шартпен немесе онсыз, қандай да бір жарылғыш затты немесе радиоактивті материалды; немесе
2) 2-бапта көрсетілгендей БХЯ қару екенін біле тұра кез келген БХЯ қаруды; немесе
3) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен жасалған Кепілдіктер туралы келісімге сәйкес кепілдіктермен қамтылмаған ядролық жарылғыш құрылғылармен байланысты қызметте немесе басқа ядролық қызметте пайдалануға арналғанын біле тұра кез келген бастапқы материалды, арнаулы жарылғыш материалды немесе оны өңдеу, пайдалану және өндіру үшін арналған немесе бұлар үшін арнайы дайындалған жабдықтарды немесе материалды; немесе
4) заңды рұқсатсыз және оларды осындай мақсатта пайдалану үшін БХЯ қаруды жобалауға, өндіруге немесе жеткізуге елеулі үлес қосатын кез келген жабдықты, материалдарды немесе бағдарламалық жасақтаманы не болмаса тиісті технологияны; жеке немесе заңды тұлға, уәкілетті қатысушы мемлекет қолданған қызмет түрлерін қоса, қатысушы мемлекет қатысатын қызмет түрлеріне қатысты 3 және 4-тармақтарда көзделген қылмыс болып табылмаған жағдайда, мұндай заттарды немесе материалдарды тасымалдау 7-бапта айтылған шарттарды қоса, өзі қатысушысы болып табылатын таратпау туралы көпжақты шартқа сәйкес құқықтарына, міндеттемелері мен міндеттеріне сәйкес келетін қолданысқа немесе қызметке сәйкес келсе не болмаса қолданыс немесе қызмет үшін жүзеге асырылса.
2. Кез келген тұлға қылмыс жасаған болып табылады, егер ол кез келген құрылғыны, затты немесе қаруды қолдану арқылы заңсыз және қасақана:
a) халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайдағы тұлғаға қатысты денсаулығына едәуір зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін немесе өлімге апаратын зорлық-зомбылық актісін жасаған болса; немесе  
b) халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайдағы жабдықты және құрылғыларды не болмаса әуежайда тұрған, бірақ қолданылмайтын әуе кемесін сындырған немесе едәуір бүлдірген болса не болмаса әуежай қызметтерінің жұмысын бұзған болса; егер мұндай акт осы әуежайдағы қауіпсіздікке қауіп-қатер келтіретін болса немесе қауіп-қатер келтіруі мүмкін болса.
3. Кез келген тұлға қылмыс жасаған болып табылады, егер ол:
a) осы баптың 1-тармағының a), b), c), d), f), g) және h) тармақшаларында немесе 2-тармағында көрсетілген қылмыстардың бірін жасайтындығымен қорқытқан болса; немесе  
b) іс жүзінде қауіп төнуі мүмкін екендігін растайтын жағдайларда кез келген тұлғаны осындай қылмыс жасайтындығымен заңсыз және қасақана қорқытқан болса.
4. Кез келген тұлға қылмыс жасаған болып табылады, егер ол:
a) осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасамақ болса; немесе
b) осы баптың 1, 2, 3 немесе 4 а) тармақтарында көрсетілген қандай болса да қылмысты жасау мақсатында басқа тұлғаларды ұйымдастырса немесе басқарса; немесе  
c) осы баптың 1, 2, 3 немесе 4 а) тармақтарында көрсетілген қылмысқа сыбайлас ретінде қатысқан болса; немесе  
d) басқа тұлғаның осы баптың 1, 2, 3, 4 а), 4 b) немесе 4 c) тармақтарында көрсетілген қылмыс болып табылатын әрекет жасағандығын немесе осындай қылмыс жасағандығы үшін құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде болуын немесе осындай қылмыс үшін сотталғандығын біле тұра, оған тергеуден, қудалаудан және жазалаудан қашуына заңсыз немесе қасақана көмектескен болса.
5. Әрбір қатысушы мемлекет осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген кез келген қылмыстардың іс жүзінде жасалуына немесе оны жасауға әрекеттің жасалуына қарамастан, егер олар қасақана жасалған болса, төмендегі әрекеттердің екеуін немесе біреуін қылмыс деп таниды:
a) осы баптың 1, 2 немесе 3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасауға қатысты бір немесе бірнеше басқа тұлғалардың сөз байласуы әрі ол ұлттық заңнамада көзделген болса, сондай-ақ сөз байласуға қатысушылардың біреуі осы сөз байласуды іске асыру үшін қандай да бір іс-қимылдың іс жүзінде орындалуының болжануы; немесе  
b) ортақ мақсатта іс-қимыл жасайтын адамдар тобының осы баптың 1, 2 немесе 3-тармақтарында көрсетілген бір немесе одан көп қылмысты жасауына кез келген басқа тәсілмен көмек көрсету, және осындай көмек:
i) егер қызмет немесе мақсат осы баптың 1, 2 немесе 3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасаумен байланысты болса, қылмыстық істің ортақ сипатын және топтың мақсатын қолдау үшін; немесе  
ii) топтың осы баптың 1, 2 немесе 3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасау ниетін түсіне отырып көрсетілген жағдайда.
a) әуе кемесі адамдар отырғызылғаннан кейін барлық сыртқы есіктері жабылған сәттен бастап, адамдарды шығару үшін мұндай есіктер ашылған сәтке дейін ұшып бара жатқан болып есептеледі; мәжбүрлі қонған жағдайда, құзырлы билік әуе кемесі мен борттағы тұлғалар және мүлік үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанға дейін ұшу орындалып жатқан болып есептеледі;
b) жердегі персонал немесе экипаждың нақты ұшуды орындау үшін ұшу алдындағы дайындықты бастаған уақытынан бастап, кез келген қонудан кейін жиырма төрт сағат өткенге дейін әуе кемесі  қолданыста болған болып есептеледі; әуе кемесінің пайдалану кезеңі қандай жағдай болмасын осы баптың a) тармағында белгіленгендей бүкіл ұшу кезеңі бойы жалғасады;
c) "аэронавигациялық құралдар" әуе кемесінің навигациясы үшін қажет сигналдарды, деректерді, ақпаратты немесе жүйелерді қамтиды;