• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2014 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығына 1 қосымша

«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы регламент күшін  жойды ҚР Қаржы министрінің  02.07.2014 жылғы №  298 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы салық басқармалары ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті (бұдан әрі – ҚҚС куәлігі) беру, ҚҚС куәлігін ауыстыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару, не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етуі, не сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің салық төлеушінің тегінің, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) немесе атауының өзгергені туралы мәліметтердің болуы (ҚҚС куәлігін ауыстыру үшін) негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімі (іс-қимылдары):
1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды – 1 минут;
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді – 2 минут, сонымен қатар:
жеке тұлғалардың мүдделерін білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетілген нотариалды куәландырылған сенімхаттың бар-жоғын тексереді немесе заңды тұлғаның мүдделерін білдіруге сенімхат ұсынылған кезде басшысының қолы мен заңды тұлғаның мөрінің бар-жоғын тексереді – 2 минут;
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен – 5 минут:
Стандарттың 9-тармағына сәйкес табыс етілген құжаттар мен қосымшалардың толықтығын;
салық төлеушілердің салықтық өтінішінде көрсетілген деректермен Біріктірілген салық ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БСАЖ) тіркеу деректерінде бар мәліметтермен;
салық төлеушінің орналасқан орнын растайтын құжатта көрсетілген заңды тұлғаның орналасқан орнының мекенжайының БСАЖ тіркеу деректерінде көрсетілген мекенжайға сәйкестігін;
салықтық өтініште көрсетілген дара кәсіпкердің орналасқан орнының мекенжайының БСАЖ тіркеу деректерінде көрсетілген мекенжайға сәйкестігін тексереді;